Президент • 01 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

1268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

– Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін «Ақорда» резиденциясында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.