Экология • 02 Маусым, 2019

Алматыдағы алып тиін пластикпен қапталады

1131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл бастаманы жүзеге асыруға 10 млн теңге қажет. Дизайнерлер мен табиғат жанашырлары осындай бастама көтерді.

Алматыдағы алып тиін пластикпен қапталады

Жоспар бойынша тұрмыстық қолданыстан қалған пластикалық құтылар қайта өңделеді. Сөйтіп олардан түрлі-түсті жапсырмалар құйылады.

«Бұл үшін қаланың әр жеріне пластик ыдыс қабылдайтын контейнерлер орнатылмақ» – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің сайты.

Ұйымдастырушылар мұны жүзеге асыру үшін  10 млн теңге қажет деп отыр. Алайда қала бюджетінен бір тиын да жұмсалмайды. Алматы қаласы  краундфандингтік платформаның бас директоры Азиза Өтегенова журналистеррмен кездескен кезде қаражатты жинау науқаны арнайы ашылатын «старт-тайм» веб-платформасында жүргізілетінін айтты

«Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Қала экологиясын жақсартуға аз да болса үлес қосамын десеңіз, қалаған қаржыңызды аударсаңыз болады. Немесе пластикалық құтыларды жинап, оларды қабылдайтын арнайы жерлерге өткізсеңіз жеткілікті»,– дейді краундфандингтік платформаның бас директоры Азиза Өтегенова.

Айтпақшы, 22 наурызда  басында тиіннің басындағы тақия және қызғалдақты дайындауға 8 млн теңге жұмсалғаны белгілі. Қала әкімдігі мұны демеушілер қаржыландырды деп отыр

«Жағдайы не болатынын көреміз. Барлық жануар сияқты ол да өзгереді», — дейді британдық суретші, арт-нысанның авторы Алекс Ринслер. 

Демек, алып тиін алдағы уақытта Алматыда өтетін барлық мерекелік шаралардың басты эмблемасына айналуы әбден мүмкін.