Аймақтар • 02 Маусым, 2019

Ақтауда «Стартап – кәсіптің бастауы» көрмесі өтті

946 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен Достық үйінде «Стартап – кәсіптің бастауы» атты жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық көрме өтті. Бұл жайында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда «Стартап – кәсіптің бастауы» көрмесі өтті

Көрмеге қала, аудандардың мектеп оқушылары, колледж студенттері, мұғалім-тәлімгерлер, облыстық басқарма басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Барлық аудандар мен қалалардан 25 жоба таныстырылды. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әмірғали Жанаев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» Маңғыстау облыстық филиалының директор орынбасары Халил Тилекуловтан құралған қазылар барлық стартап жобаларымен танысып, өз бағаларын берді.

Комиссияның шешімі бойынша 9 жоба іріктелді.