Сайлау • 03 Маусым, 2019

Шетелде дауыс беру қалай өтеді?

1707 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Еліміздегі басты оқиға болатын 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына аз ғана уақыт қалды. Бұл күні әртүрлі себептермен елден сыртқары жүрген қазақстандықтар да осы негізгі саяси оқиғадан тыс қалмай өз конституциялық дауыс беру құқығын іске асыра алады.

Шетелде дауыс беру қалай өтеді?
Алдын ала деректер бойынша елімізден тыс жерде сайлауға 13 мыңнан астам қазақстандық қаты­­сады.

Бұл азаматтар өздерінің сайлау құқықтарын Қазақстан Рес­пуб­ликасының шетелдердегі өкілдіктерінде құрылған сайлау учаскелеріндегі учаскелік сайлау комиссиялары арқылы іске асырады. Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 51 шет мемлекетте, Республика өкілдіктері жанынан 65 сайлау учаскесін құрды. Шетелдегі сайлау учаскелерінің тізбесімен және олардың толық мекенжайларымен Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер минис­трлігінің mfa.gov.kz және Қазақ­с­тан Республикасы Орталық сай­лау комиссиясының www.election.gov.kz сайттарында та­ны­суға болады. Сайттарда сайлау учаскесінің нөмірі, шетелдік учаске мен шетелдік сайлау учас­ке­сінің орналасқан жері және телефонының (телефондарының) нөмірі (нөмірлері) көрсетілген. Әрбір сайлау комиссиясында – 5 адам, олар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы №349/43-IV шеші­мі­мен сайланды.

Ең ірі сайлау учаскесі Қазақ­стан­ның Бейжіңдегі елші­лігінде орналасқан, 1600-ден аса сайлау­шы­сы бар. Сайлаушылардың ең аз саны – 14 адам, Қазақстан Рес­­­публикасының Таллин ел­ші­­­лігінде. Ел бойынша сайлау­­шы­лар­дың ең көп саны Қы­тайда – екі мыңнан аса адам кү­тілуде. (Бейжің, Шанхай, Гонконг және Үрімші); Ресейде – 1600-ден аса адам (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы, Астрахань); Түркияда шамамен – 1300 адам (Анкара, Ыстанбұл, Анталия).

Қазақстан Республикасы Пре­зи­­­дентінің кезектен тыс сай­ла­уын өткізу кезінде ел аума­ғы­нан тыс жерде құрылған сайлау учаскелерінде Қазақстан Ре­с­публикасы азаматтарының да­уыс беруін ұйымдастыру және өткізуге байланыс­ты мәсе­­­ле­лер «Қазақстан Рес­пуб­ли­к­а­­сын­дағы сайлау туралы» Қа­зақ­­стан Республикасының Кон­­сти­туциялық заңымен және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нор­ма­тивтік актілерімен реттеледі. Шетелдік учаскелерде дауыс беру­ді ұйымдастыру мен өткізуге бай­ланысты шығындарды қаржы­лан­дыру Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындауға және өткізуге бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі.

«Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сай­лау туралы» Қа­зақ­ст­ан Республикасы Кон­сти­ту­циялық заңының 24-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақ­стан Республикасының шетелдердегі өкілдіктерінде құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берілетін күн­нің алдындағы күндегі жағ­дай бойынша міндетті түрде нақты­лануға тиіс. Осыған байла­ныс­ты сайлаушылардың саны тура­лы ақпарат соңғы күнге дейін жаңар­ты­лып отырады.

Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілдіктерінде құ­рыл­­ған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдері өкіл­дік­тердің басшылары ұсынған дерек­тер негізінде жасалады. Қазақ­стан Республикасының дип­ло­­матиялық өкілдігінің немесе кон­сулдық мекемесінің басшысы құрған сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімін жасау кезінде оған Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде тұ­рақ­ты түрде тұратын немесе ұзақ мер­зiмдi шетелдiк іссапарда жүрген, сондай-ақ шет мемлекеттерде жеке шақырулар бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген жеке жазбаша өтінішін берген сайлаушылар енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданының аумақтық сай­­лау комиссиясы шетелдік сай­­­лау учаскелерін қажетті құ­жат­та­ма­мен, оның ішінде Қа­зақ­стан Рес­публикасы Пре­зи­ден­тінің сай­лауын өткізу үшін қажетті сай­лау бюллетеньдерімен, басқа да ақпараттық материалдармен қам­тамасыз етуді Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер минис­тр­лігі арқылы жүзеге асырады.

Нұр-Сұлтан қаласының аумақ­тық сайлау комиссиясының элек­то­­раттық оқыту курсы­нан өткен сыртқы саясат ведом­ствосы­ның қызметкерлері учаскелік сайлау комиссиясына тәжірибелік көмек көрсету және сайлау құ­жат­­тарының шетелдік сайлау учас­келеріне уақтылы жеткізу мақ­сатында шетелдік сайлау учас­ке­леріне шығады. 

Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған үй-жайда ақпараттық стенд жабдықтайды, онда сайлау комиссиясының құрамы, сайлау бюллетенін тол­тыру тәртібі, кандидаттар ту­ралы бірыңғай форматтағы және стандартты мәліметтер жиын­ты­ғы қамтылған ақпарат, дауыс беруге арналған үй-жай­да­ғы тәр­тіп қағидалары, дауыс бе­ру нәтижелері туралы сайлау комиссиясы хаттамасының көшірмесін (қорытындылар шыға­рылғаннан кейін) Қазақстан Республикасының сайлау тура­лы заңнамасын бұзғаны үшін жауап­кер­шілікке қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасынан үзінділері бар плакатты қамтыған ақпараттық стенд қолжетімділігі мен ыңғай­лы­лы­ғы ескеріле отырып, орналасады. Ақпараттық стендте орналастырылған материалдарда сайлау алдындағы үгіт белгілері болмауы тиістігін атап өту қажет.

Дауыс беруге арналған үй-жай, сайлау бюллетеньдерін беру орындары, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар, тұрақты сайлау жәшіктері, сондай-ақ дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер (егер оларды пайдаланған жағдайда) сайлау­шылар жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы жәшікке өте алатындай, ал сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тұрақты жәшікті, жасырын дауыс беруге арналған кабинаға кіру және шығуы мүмкіндігін байқауы қамтамасыз етілетіндей, шетелдік учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің көз алдында болатындай етіп жабдықталуы тиіс.

Шетелдік учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні жұмысын бастаған сәтінен бастап дауыс беру қорытындылары туралы хаттама қабылданғанға дейін, сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сенім білдіретін адамы бұқаралық ақпарат құрал­да­рының өкілдері қатысуға құқылы.

Сайлау туралы заңның 20-1-ба­бына сәйкес өкілеттіктері жаз­­­ба­ша түрде тегі, аты және әке­сі­­нің атын көрсету арқылы куә­ландырылуы тиіс саяси партия­лардан, өзге де қоғамдық бірлес­тіктерден, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының коммерциялық емес ұйымдарынан байқаушылар сайлау учаскелеріне баруға құ­қы­лы. Бұл құжат байқаушыны тиіс­ті шетелдік сайлау учаскесіне жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жарамды болады.

Қазақстан Республикасы Ор­та­­­­лық сайлау комиссиясында Қа­зақстан Республикасы Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бо­йынша аккредиттеуден өткен шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары да сайлау учаскесінде болуға құқылы. Оларға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі, ол сайлау науқанын өткізу кезіндегі қызметі үшін негіз болып табылады. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми­нистр­лігі берген аккредит­теу тура­лы куәлігі болған кезде сайлау­ды байқауға құқылы.

Шет мемлекеттер, ха­лық­ара­лық ұйымдар байқау­шы­ла­рының өкілеттігінің мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Қазақстан Республикасы аза­мат­­тарының Қазақстан аума­ғы­нан тыс жерлерде дауыс беруі Сайлау туралы заңның 42-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Дауыс беру бәрінен бұрын Жапонияда және Кореяда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бо­йынша таңғы – 4.00-де басталады. Ең кеш дауыс беру АҚШ және Канада учаскелерінде Нұр-Сұлтан қала­сы­ның уақыты бойынша 17.00- де басталады. Сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушыларға сайлау бюллетеньдері мынадай құ­жат­тар­дың біреуін ұсынғанда:

Қазақстаннан тыс жерде Қа­зақ­стан азаматының жеке басын куәландыратын, Қазақстан Рес­публикасы азаматының пас­­­порты (шетелдік паспорт); дип­ло­матиялық паспорт; қыз­мет­тік паспорт; жеке төл­құжат.

Дауыс беруге арналған үй-жайда дауыс беруді ұйым­дас­тыр­­ған кезде тасымалданатын жә­шікті сайлау комиссиясының екі мүшесі бірге алып жүреді. Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi сайлау учаскесiндегі байқаушылар мен Қазақстан Республикасы Президенттiгіне кандидаттың сенiм бiлдiрілген адамдарын сайлаушылардың үй-жайдан тыс жерде дауыс беретіндігі туралы хабардар етуге мiндеттi. Сенім білдірілген адамдар не байқаушылар оларға ілесіп жүруге құқылы.

Дауыс беруге арналған үй-жай­дан тыс жерде дауыс беру ке­­зінде сайлау бюллетені сай­лау­шының жеке басын куә­лан­ды­ратын құжатты ұсынған кезде, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтініші негізінде бері­ле­ді, бұл туралы өтінішке қолын қояды.

Дауыс беру уақыты аяқталған соң шетелдегі учаскелік сайлау ко­миссиясы сайлаушылардың да­уыстарын санайды және «Қазақ­стан Республикасындағы сай­лау туралы» Конституциялық заңның 43-бабының талапта­ры­на сәйкес дауыс беру қоры­тын­ды­лары туралы хаттамаларын жа­сайды.

Шетелдік учаскелік сайлау ко­мис­­сиясы тиісті шетелдік сай­­­лау учаскесіндегі дауыс беру қорытындылары туралы өз шешімдерін Қазақстан Рес­пуб­ликасы Орталық сайлау комис­­сиясының 2019 жылғы 10 сәуір­дегі № 10/233 қаулысымен бекі­тілген нысан бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хаттамамен ресімдейді. Учас­келік сайлау комиссиясы хат­тамасы және басқа да сай­лау құжаттары міндетті түр­де Қа­зақ­стан Республикасы дип­ло­ма­тиялық өкілдіктері мен кон­сул­дық мекемелері арқылы бе­ріл­уі тиіс.

Республика өкілдіктерінің жа­нынан құрылған шетелдік сай­лау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен ұйымдастырудың негізгі ке­зең­дері осындай.

Бақыт МЕЛДЕШОВ,

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі