Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Жәйремде жаңа бокс залы ашылды

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінде «Казцинк» компаниясының демеушілігімен жаңа бокс залы ашылды. Бұған дейін балғын боксшылар жергілікті мәдениет үйінің бір бұрышында жаттығып келген болатын.

Жәйремде жаңа бокс залы ашылды

Енді кең де жарық, барлық қажетті құралдармен жабдықталған залда боксшылар ғана емес, балуандар мен спорттық ойын түрімен шұғылданатын  әуесқойлар да өздерінің сүйікті ісімен айналыса алады.

Жаңа залдың тұсаукесер рәсімі салтанатты түрде өткеннен кейін, 2007-2008 жылдары туған балалар арасында Жәйрем кентінің біріншілігі ұйымдастырылды.

Жалпы, Жәйрем кентінде спорттың бокс түріне деген қызығушылық жоғары. Мұндағы Рымғали Мұздыбаев сынды бапкердің қарамағында 70-тен астам бала жаттығады. Жәйремнен шыққан белгілі былғары қолғап шеберлері де жоқ  емес. Мысалы, ел құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виолетта Князева жергілікті бокс үйірмесінің түлегі.