Спорт • 04 Маусым, 2019

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның 12-19 аралығында Жапония астанасы Токио семсерлесуден кезекті Азия чемпионатын қабылдайды. Құрлық додасынан қазақстандық нояндар да тыс қалмайды деп жазады Olympic.kz.

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды

Азия чемпионатына сабля мен шпагадан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. 

Нақтылап айтар болсақ, төмендегі спортшылар Токио төрінде сынға түседі: 

Шпага, ерлер: Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов;

Шпага, әйелдер: Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Владислава Андреева, София Николайчук;

Сабля, ерлер: Илья Мокрецов, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы, Нұржан Кәрім;

Сабля, әйелдер: Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Айбике Хабибуллина. 

Семсерлесуден Қазақстан командасының бас бапкері – Алексей Писцов.