Саясат • 04 Маусым, 2019

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналарға жаңа пәтерлердің сертификаттары беріледі

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өту аясында қала әкімдігі «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беруді бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналарға жаңа пәтерлердің сертификаттары беріледі

Көп балалы отбасыларға арналған 150 пәтер қалалық «Берекелі баспана» жалдамалы баспана бағдарламасы аясында табысталады. Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашқы кезеңінде 17 маусымға дейін құжаттар жинау және қабылдау жұмыстары, ал 15 шілдеден бастап қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі.

Әкімдікте атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көп балалы отбасылардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді.

Айта кетейік, бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй алу кезегінде тұр, оның 3000-нан астамы көп балалы отбасылар. Тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар тұр, олардың қатарында көп балалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Елордада осы жылдың соңына дейін шамамен 2 мың пәтер беріледі.

«Көп балалы отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Р. Қошқарбаев, 39) жүгінуі тиіс, байланыс нөмірі: 79-34-50.