Әдебиет • 05 Маусым, 2019

Ахметтің аманаты (2 бөлім)

2039 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін

Ақын, драматург Әскерхан Ақтайдың "Ахметтің аманаты" атты екі бөлімді драмасының екінші бөлімі. Аталған шығарма алдағы уақытта "Төр" әдеби клубында талқыланатын болады.Оқып, туынды жайлы өз пікірлеріңізді "Төрде" ортаға салуға шақырамыз. Клуб отырысының өтетін уақыты мен күні туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз. Мархабат.

Ахметтің аманаты (2 бөлім)

Аскерхан АҚТАЙ

АХМЕТТІҢ АМАНАТЫ

Екі бөлімді драма


Екінші бөлім

Бірінші сурет

Тергеушінің кабинеті. Жалғыз стол. Сол баяғы жалғыз орындық. Қабырғада қан іздері бар. Сұрғылт. Бөлмеде тергеуші мен милиция  басшысы тұрады.

Милиция басшы: (тергеушіге): айтпады деме, егер Байтұрсынов қылмысын мойындап қол қоямаса, осы орындыққа (орындықты нұсқап, қатулана, үздіксіз сөйлеп) сен отырып, халық жауының сыбайласы ретінде жауап

бересің, сен үкіметтің  Сталин жолдастың тапсырмасына селқос қарасаң саған да ату жазасы беріледі.

Тергеуші: Жекей Есімович мен бұл Байтурсыновты мойындатам. Аз қалды.

Милиция басшысы: Сен аз қалды дегелі...

Әлі нәтиже жоқ. Сен кедей таптан шықансың, егер осындай Алашшылдарды қолдайтын болсаң, бәрібір атыласың.

Тергеуші: Жолдас Жекей Есимович мен сізге уәде берем. Аямаймын.

Милиция басшысы: ая дегем жоқ, азапта, ұр соқ, Алашорда басшысын аяу болмасын, тек бойында жаны болса болды. Тааак мына қабырға неге қан?

(қабырғаны көрсетеді)

Тергеуші: Өткенде Байтұрсыновтың басы жарылған. Маңдайдан ұрғанда төбесі есіліп қаны жұғып қалған.

Милиция басшысы: (жымиып) міне, дұрыс, азапта, ол сенің, менің сосын халықтың жауы олар. (ары беріп жүріп)

Айтпақшы, сен ана тергеуші Жыланбаевтан үлгі ал. (тергеушіге қарсы келіп тұрып) ол (қолын нұсқап) қандай асау халық жауын екі немесе үш күнде жуасытып, мойындатады.

Міне, нағыз шебер маман.

Аямайды ол. (тергеушіні арқасынан қағып) егер сен Байтұрсыновты мойындындата алмасаң, қол қоймайтын болса, сенің өзіңді халық жауына жақтас болды деп, тұтқындап, Жыланбаевқа тапсырам. Ол жылан сені небәрі екі сағатта Байтұрсыновқа жақтас болдым дегізіп мойындатып, көзіңнен қан ағызады. (күліп) солай, жақсы мен кеттім.

Тергеуші: мойындатам, жолдас Жекей Есіимович.

Милиция басшысы қолын сәл көтеріп шыға береді. 

Тергеуші: (айқайлап) Қарауыл, маған кір.

Қарауыл кіреді Байтұрсыновты әкел, Сосын екі тал ине әкел, қол аяғын байла. Ұқтыңба. Қасыңа тағы үш қарауыл ертіп кел.

Қарауыл: мақұл тергеуші жолдас.

(Кетеді)

Тергеуші: (ойланып)  Байтұрсынов сорыңды қайнатпасам, бәлем. Мен Жыланбаевтан да асып түсім керек. (қатты сөйлеп) мен Жекей Есимиовичтің тапсырмасын орындап, ұлы Сталинге адал қызмет етуім керек. Бұл жолы аямаймын. (өзінен өзі күліп) аяп жүргем жоқпын.

Ұрғанда қолым ауырып қалады. Еее Байтұрсынов, Байтұрсынов (басын изеп) құр терісі ғана қалды.

Есіктен қарауыл Ахметті алып кіреді. Екеуі екі жағында қолтықтап алған.орындыққа жақын келіп тұрады.

Тергеуші: (алдындағы қағаздарын ашып) Ал Байтұрсынов, әбден ескертемін. Бұл жолы шындықты айтасың. Яғни Кеңес үкіметі құлату үшін сыртқы жаулармен байланыста болғаныңды айтуың керек.

Ахмет: Мен ешқандай сыртқа дұшпандармен байланыста болған емеспін.

Тергеуші: Бөкейхановпен бірлесіп, Алаш үкіметін құрып, Кеңес билігін мойындағың келмегенін жоққа шығара аласың ба?

Ахмет: біріншіден біз Алаш үкіметін қазақ халқының ұлттық мемлекеті ретінде құрдық. Бізде ол кезде мақсат ұлт мүддесі болды, Кеңес үкіметімен жан жақты байланыста жұмыс жасауды мақсат еттік.

Тергеуші: Бөкейхановта қандай ой болды. Хандық мемлекет құрып, байларды қорғап, бұрынғы патшалық дәуірді аңсағанды растайсың ғой.

Ахмет: Алаш үкіметі бай, кедей демей бір мақсатқа тек ұлттық мүддеге жұмылуды мақсат болдырған еді. Бөкейханов аса білімді сауатты шын мәнідегі көсем болды.

Тергеуші: Байтұрсынов Кеңес үкіметін құлату үшін жан жақты іс жүргізгеніңді мойындайсың ба? Сен кеңес үкіметін құлату үшін Бөкейханов, Аймауытов, Жұмабаевтармен сыбайлас болдың.

Ахмет: Мен Алаш үкіметі таратылып, автономия жойылған соң тек халқым үшін Кеңес еліне қызмет еттім. Жау болу ойымда болған емес, бұл нағыз жала. Мен мұндай жала жабуды ешқашан мойындамаймын.

Тергеуші: (ызыланып)  мойындамасаң мен саған көрсетем, (ымдап) қарауылдар екі қолын әкел бері.

Қарауылдар жанталасқан Ахметті иығынан басып,екі қолын қысып, алға созып ұстап тұрады.

Тергеуші: Қарауыл мына екі инені кезек кезек тырнағыны асына жүгіртіп көр, қиналсын халық жауы. Бұларға сол керек. Бұлар ұлы Сталинге қарсы шығудың қандай екендігін көрсін.

Екі қарауыл инені алып, Ахметтің тырнағының астына жүгірте бастайды. Ахмет басында сәл ауырсынғанымен тістеніп үн шығармайды, қатты бұлқынады

Ахмет: (қалшылдап тістеніп) Әй жауыздар, жаулар, осы қиянат сендерге келсін. Мен кешір деп жыламаймын, жалынбаймын,  мен қазаққа жақсылығымды жасап кеткем. Енді не жасасаңдар да менің рухымды сындыра алмайсыңдар.

Тергеуші: жаныңа азап батқанда басқаша сайрайсың әлі, Байтұрсынов

Тырнақ астын аямай ине сұғыңдар.

Ахметті қатты қинайды. Бұлқынам дегенде кеуде тұсынан қатт ыұрып жібереді. Аямай ине сұққылай бастайды.

Ахмет атты ауырсынады.

Енді бұны суық камераға қамап тастаңдар. Ас берілмесін. Ертеңге дейін осы азабы да жетеді.

Тергеуші: Байтұрсынов мойындайсыңба. Қолыңды қой да, азаптан құтыл.

Ахмет: не азап көрсемде Алашшыл қайраткерлерімді сатпаймын. Ұлтымды сатпаймын. Соны біл.

Тергеуші: Ертеңге дейін ойлан. Тағы азап күтіп тұр сені. (қарауылдарға) Барыңдар, әкетіңдер.

Ахметті әкетеді, екі қолын ауырсынады.

Тергеуші: Неткен қайсар адам еді, бірақ аямау керек, бұл Алаштарды.

Екінші сурет

Тар камера. Екі адамдық. Сұрғылт. Ахметпен жас жігіт отырады. Ахмет шаршаған. Қалжыраған. Күркілдеп жөтеліп отырады.

Жас жігіт: Аха сізді мына жауыздар аямаған екен. Кеше мені де есімнен тандырып соқты. Бауырым бөлініп кетті десем аман екенмін.

Ахмет: Иттер менен жау жасағысы келеді. Мойында дейді, мен нені мойындаймын. Жау емеспін. Елдің мүддесі үшін Алаш үкіметін құрғанымызды мойындаймын. Алайда жау болған жоқпыз.

Жас жігіт: Аха, мен егер тірі жетсем болашаққа, мен мұны өз аузымнан айтып берем. Келер ұрпақ, жас буын, жаңа заман сіздерді ақтап алады деп сенемін.

Ахмет: Әр буын өз дәуірінде өзіне артылған жүкті көтеруі тиіс. Біз, Алаштықтар өзімізге артлыған жүкті көтердік. Бағасын келер ұрпақ береді. Сен болашақсың, балам, мына қапастан тірі шығуың керек, сонда ғана ақиқатты айта аласың

Жас жігіт: Аха мен де сіздерден артық емеспін ғой.

Аха қолыңызды жылытайын, суық су басайық ісіп кеткен екен.(Ахметтің қолдарын ұстап көреді)

Ахмет: Тырнағыма аямай ине сұқты қыңқ деп дыбыс шығармадым.

Ақтанберді деген батыр, жырау атаң болған. Сол кісі былай депті, мен ол кісіні көп зерттеген едім.

                    Арғымақтың баласы

                 Арыған сайын тың жортар,

                   арқадан қосым қалар деп,

                   Азаматтың баласы

                Жабыққанын білдірмес,

                  Жамандар мазақ қылар деп - деп жырлаған екен.

Жамандар Алашшыл менің қиналғанымды, торыққанымды көрмесін дедім. Азап көрсемде жалынбадым.  Алаштың намысын жіберген жоқпын. Көрсін, Алашты қандай қайсар қазақтар құрғанын. Көрсін Алаштықтардың бір бірін сатпайтындықтарын дедім.

Жас жігіт: Аха қанатыма байлап сізді мына қапастан шығып ұшып кетейін десем құс емеспін. Дариға-ай деген. (үнсіздік) («Аққұм» әні)

Ахмет: Мені бұл жерден тірі шықпасымды білмемін. Тек жаным құс болып ұшып шығып, қазақ даласын шарлайды, бір кезде арманда болған Алаш идеясының жүзеге асып, қазақ қашан Тәуелсіз ел болады деп көк аспанда қыран болып қалықтаумен күн кешеді. Балам, қазақ-ол күн астындағы қыран. Еркіндік құсы!

Жас жігіт: Аха, сол күнді ұрпағымыз көреді.

Аха, көңіл сергісін, Алаштың құрылу тарихынан бір естелік айтып беріңізші.

Ахмет: Сен болашақсың ғой, балам, айтып берейін, Алша үкіметін, Алашорданы қалай бастағанымзды айтайын, сен келер ұрпаққа жеткізерсің.

(«Аққұм» әні)

Үшінші сурет

Ахметтің үйі. Қонақ күтетін бөлме бейнеленген. Дастахан жаюлы. Ерекше жылылық лебі сезіледі.

Ахмет: Бадрисафа ханым, келіңіз бері.

Бадрисафа: Аха қымбаттым, иа келдім, айтыңыз, бірдеме керек пе, сізге?

Ахмет: Бадрисафа ханым, дастарханды жайнатып қойыпсыз, мен аулада аздап серуендеп ағаштың саясында отырып келдім.

Бадрисафа: Аха сіз көріңізіші осы бола ма, ұнамаған жағын айтыңызшы?

Ахмет: Барлығы жарасымды, дастархан түріліп тұр екен, Бадрисафа ханым.

Келетін қонақтар аса мәртебелі жандар ғой, Әлихан мырза, Мағжан ақын.

Бадрисафа: Иа, Аха қазақтың маңдай алды марғасқалары келгенде біз әрине дастарханды жайнатып, жақсы көңілмен, жылы шыраймен күтіп аламыз.

Ахмет: Бүгінгі кеш маңызды Бадрисафа ханым. Сіз қашанда менің қамымыды ойлайсыз. Азамат артқы жағдайына алаңдамаса ғана, үй жайлы қолайлы болса ғана, ұлт үшін қызмет жасай алады. Мен үйге алаңдамай қазақ үшін қызмет жасап жүргенім сіздің арқаңыз.

Бадрисафа: Рахмет. Иманды әйелдің міндеті ерін қолдау, азаматына жағдай жасау ғой, Аха, Мен не көрсем сізбен бірге болам деп, сізге тағдырымды арнаған адаммын.

Ахмет: Ризамын, Бадрисафа ханым, мен өмірімді ұлтыма арнаған адаммын. Ал сіз сол еңбекке үлес қосып жүрсіз.

Бадрисафа: Аха, мен қонақтар келетін уақыт та болып қалған екен, мен ас үйде болайын.

Ахмет: Иа, (сағатына қарап) болып қалған екен. Мен Әлекеңді есік алдында күтейін, ол кісі уақытынан қалмайтын адам ғой.

Олар сыртқа ашығады.Аздан соң Ахмет пен Әлихан көңілді сөйлесе кіреді. Ахмет Әлиханды қолтықтап алған. Әлихан қарапайым киінген.

Ахмет: Ал, Әлеке, біздің шаңыраққа қош келдіңіз. Жоғары шығыңыз, міне мына жерге отырңыз, (төрден стол басынан орындық ұсынады)

Әлихан: (сырт киімін шешіп) Ой, Аха, мен өзім отыра салам ғой, сіздей үлкен адам маған қызмет қылған ыңғайысыз екен. Өзім отырайын.

Ахмет: Әлеке, сіз бүгін бізге қонақсыз ғой.

Әлихан: Аха сіз, ұлтқа қызмет етіп келе жатқан адамсыз, біз сізге қызмет қылсақ жарасады.

Ахмет: Әлеке, барлығымызда мақсатымыз осы қазақтың қамы ғой.

Ахмет Әлиханның оң жағына дастарханға жайғасады. Сырттан Бадрисафа ханым кіреді.

Бадрисафа ханым: иіліп сәлем береді, қош келдіңізбе,

Әлихан: Амансыңдарма, Бәдрисафа ханым. Сәлеміңізге Алла разы болсын! Бақытты болыңдар.

Бадрисафа ханым стол үстінен шай жасап, алдымен Ахметке, Әлиханға шай ұсынады.Олар шай алып, дастарханға Әлихан бата жасап, шай іше бастайды.

Ахмет: Аз кем шөл басып алыңыз, Әлеке, сосын қазір Мағжан келеді, отырып, болашақ ұлы істің жобасын көптің талқысын салмай тұрып, келісіп алсақ дегенім ғой.

Әлихан: Ол жақсы бастама, Аха. Сіздер әркез бір істі мұқият ойлап, шешім қабылдайсыздар, қазақ үшін маңызды ғой бұл.

Ахмет: Әрине Әлеке, ұлы істің басында өзіңіз жүрсіз.

Сырттан Мағжан кіреді. Сәнді киінген.

Мағжан: Ассалаумағалейкум, ардақты ағалар.

Ахмет пен Әлихан: (жарыса) Уағалейкумассалам аманбысың, қазақтың ақыны!

Мағжан: (сырт киімін шешіп жатып) Бәріне де шүкір деп жүріп жатырмыз. Ардақты Ахаң ағамның шаңырағына келгім кеп тұрады. Бір жылылық, жарасым, сыйластық бар осы үйде.

Ахмет: Кел ақыным, төрлет, ұлттың ақынысың саған жылулық бермесек кімге жылулық сыйлаймыз.

Әлихан: Ұлттың ұстазы Ахаң ғой, Ахаңның даналығына барлығымыз бас имеміз.

Ахмет: Ал мәртебелі қонақтар, Әлеке, Мағжан ақын ас алып отырыыңздар. Бүгін бір салиқалы бас қосу, мәнді мәжіліс боларына сенем.

Әлихан: Рахмет, Аха. Мағжан ақын елдің жай қалай? Ақмола өңірі қалай?

Мағжан: Ел өзін бастайын серкесін іздеп отыр. Халықтың аузында өздеріңіз жүрсіздер, Әлеке, Аха. Қазақ батыл қадам күтіп отырғаны анық. Ертең дүр етіп қолдап кереті анық.

Әлихан: Қазақтың қазіргі көңіл күйі бір қимылды күтір отырғаны рас. Біз он ойланып, жүз толғнып осы қадамға барамыз.

Аха, рұқсат болса, аздап тынығып отыра тұрсақ, шайымызды басып, ақылдасып дегндей.

Ахмет: Оқасы жоқ, отырыңыздар, міне мунда (диванды нұсқайды)

Олар диванға отырысады.

Ахмет: Әлеке, Мағжан ақын алдағы құрылтайдың жай жапсарын тағы бір өзара ақылдасып алсақ.

Әлихан: Әрине Аха, ең бастысы болашақ құрылатын мемлекетімізді не деп атаймыз? Соны ойлайықшы.

Мағжан: Иа атауы маңызды. Болашаққа тіпті мәңгілікке барар атау ғой.

Мен Түркістан деген атауды ұсынар едім.

Ахмет: Түркістан деген әрине, қолайлы атау, мен Алаш деген сөзді ойластырдым.

Әлихан: Алаш дейсіз бе, Аха?

Мағжан: Алаш деген атау көңілге қонымды екен.

Ахмет: (қолынан қағаздар ақтарып) алты Алаштың бір бұтағы бізбіз ғой, қазақтар. Осы атау күллі түркі жұртына ортақ есім деп алдым. Әрине бұл құрылтай өкілдерімен сіздермен ақылдаса отырып, ортаға салып шешетін іс, менікі пікір ғой.

Әлихан: қазақты осы Алаш деген сөз біріктіре алады. Бұл өзі көне түркі сөз ғой.

Мағжан: Есімнің мағыналық, идеялық мазмұны мықты таңдалыпты, бұйырса осы ұсынысыңыз өтеді деп ойлаймын, Аха.

Ахмет: Мүмкін тағы да мықты атаулар ұсыныс болар, әзірге күтейік.

Ақылдасамыз ғой.

Әлихан: (Ахметтен қағаздарды алып) қазақ мемлекеті шынайы демократиялық мемлекет болсын деген бағытты ұстанып отырмыз. Аха өткен жолы өзіміз ұсыныс еткен болашақ үкіметтің бағыттары осы еді.

Ахмет: Иа осы. Біз мұнда болашақ құрылатын мемлекет Жапония үлгісіндегі демократиялық мемлекет болуы тиіс.

Әлихан: Ең бастысы мұынмен қатар жер мәселесі бар, жер қазақтың меншігі. Жердің асы мен үстінің байлығы мемлекеттікі болуы тиіс.

Ахмет: Тіл туралы да мынандай тұжырымда боламыз. Мемлекеттік тілі ол қазақ тілі болуы тиіс. 

Әлихан: Аха, менің ойымша бұл жерде қазақ тілі басқа ұлттардың тілінен үстем болуы тиіс деген сөз ғой.

Ахмет: Иә, Әлеке, қазақ тіліне басымдық беріледі.

Мағжан: Қандай тамаша ұсыныстар мен бастамалар. Менің бір ойым бар.

Ахмет: Айта ғой, Мағжан ақын.

Мағжан: Шекара мәселесін белгілегенде сонау Алтай уездеріне дейінгі алқаптағы қазақ отырған жерлер түгел осы мемлекеттің құрамына кірсе.

Әлихан: Бұл мәселе қаралды Мағжан ақын.

Амудария, Самарқан, Каспий жағалауы мен Ферғанаға дейінгі алқап қазақ мемлекетінің жері болуы тиіс деп белгілеп отырмыз. Бұйырса құрылтайға қатысасыз Мағжан ақын.

Ахмет: Құрылтайда ұлт кеңесін құруды ұсынып отырмыз. 25 адаммен.

Әлихан: бұл құрамға сындарған өткен, шыңдалған саясаткерлер кірсе ешбір қиындықтан таймаса.

Ахмет: Әрине, алдымызда күрделі жолдар жатыр. Бізде сыналған қайраткерлер баршылық

Әлихан: Біз бұл іске басқа ұлттарды да тарттық.

Ахмет: Әлеке бұл жердегі мемлекеттік ұлттық құрамының 10 адамын басқа ұлттан, 15 ін қазақ ұлтынан тағайындауды талқылаймыз.

Мағжан: Мемлекетті құрушы ұлтқа басымдық берілгені дұрыс болған екен.

Айтпақшы, мемлекеттің орталығы қай қалада болады?

Әлихан: Ахаң екеуміздің Міржақыптың ойымен біз бірнеше қаланы таңдап отырмыз. Батыс десек Орал, орталық десек Ақмола, шығыс десек Семей.

Мағжан: Арысы Алтай, брі шеті каспий мен Орал болса түбі Ақмола қолайлы болар.

Ахмет: Құрылтайда бұл жан жақты талқыланғалы отыр.

Менің ойымша Семей болмас па екен.

Әлихан: Семейдің орталық болып таңдалуына бірқатар себептері бар.

Ондағы халықтың бізді қолдауы. Жол қатынасына қолайлы жағы ескеріліп тұр. Ал негізі оңтүстік өңірде қолайлы деген бағыттамыз.

Ахмет: Бұл туралы бір мәмлеге келеміз, басқа да өкілдермен.

Мағжан: Астана таңдауда тек мемлекеттің жағдайын, болашағын ойлап, таңдапсыздар, әйтпесе әркім өз туған жерін ұсынар еді.

Әлихан: біз ниеттес адамдар, қазақтың мүдделес азаматтыр топтасқанбыз ғой. Біз үшін ең бастысы қазақтың бірлігі. Сын сағатта бізді тек қана бірлік алып шығады.

Ахмет: Біздің алдымызда сындарлы жолдар тұр. Жаңа құрылған «Үш жүз» партиясы біздің құратын Алаш мемлекеттін ыдыратуды ойлап, әліден қамданып жатыр.

Әлихан: Қазақ намысты болғанда ғана өз мемлекеті қорғай алады. Ұлт намысты болу керек. Сонымен бірге ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден.

Ахмет: Әрине, қазақ намысты болғандықтан осындай жерді қорғап қалған ғой, бабаларымыз ар мен намысты басқы орынға қойып келген.

Мағжан: шынымен «Үш жүз» партиясы қалайда бөгет жасап, большевиктермен келісуде.

Әлихан: Олар большевиктік үкіметті қолдап, әсіресе қазақ байларын қоғамға қарсы жау етіп көрсетуі анық. Қазірден сол бағытта жүр,олар.

Әлихан: Біз осы мәселелерді жақында құрылтайда шешеміз. Тағы ақылдасатаын істер қаншама.

Мағжан: Ахаңның қара шаңырағында басталған іс оңға басары анық. Енді жұмысты аздап іркіп, қарапайым отырысқа көшіп, осы шаңырақта Ахаңнан әйгілі «Аққұмды» тыңдасақ , Әлихан аға

Әлихан: бәрекелді, Мағжан,  сөз бар ма, Ахаңнан «Аққұмды» өз даусымен салғанын тыңдасақ қой.

Ахмет: Мен әнші емеспін ғой, бірақ өзім шығарған әнімді өзім салып берейін. Бірнеше мәрте тыңдағансыздар.

Мағжан: Ахаң ағам жүрегімен айтады ғой.

Ахмет домбырасын қоңырлата тартып, жағымды дауыспен «Аққұм» әнін салып береді. Отырғандар ұйып тыңдайды.

Дауыстар: ОО кермет!

-Шіркін Ахаң ай

-Жағымды қоңыр дауыс.

Ахмет: Рахмет! Мен әнші емеспін ғой. Қазақтың бәрі домбыра ұстап ән салады, әуестік дейміз бе?

Әлихан: «Аққұмды» шығарған Ахаңды қалай әнші емес айта аламыз, ә?

Мағжан: Ахаңның жүрегі әнші

Ахмет: Ал Мағжан ақын енді өзің бір рухты жырыңды оқып жіберші

Әлихан: Бәрекелді. Мағжан кезек сенде.

Мағжан: қалауларыңыз болсын. Оқып берейін.

Мағжан «Түркістан» деген өлеңін бар нақышына келітіріп, оқып береді.

Ахмет: пай Мағжан ай!

Әлихан: Өркенің өссін. Шабытың шалқи берсін.

Мағжан: Рахмет! Қара өлең қазақтың өз қазынасы ғой, біздікі оны әшекейлеп, қазақтың өзіне қайтару ғой.

Әлихан: Қазақтың рухани мұрасы телегей теңіз. Бұйырса болашақта біз өз мұрамызды түгендеп, мемлекетіміз арнайы назар аударатын болды.

Ахмет: Рухани өнер ол қазақтың ұлттық нышаны ғой.

Қазір Мағжанмен қатарлас тамаша ақын жазушылар көп..

Әлихан: Жүсіпбекті алайық, Мұхтар да болашақта биік шыңға шығары анық.

Ахмет: Міржақып жүр, Сәкендер, Бейімбеттер бар, қазақ әдебиетіне бұлар келешекте мол үлес қосады.

Әлихан: Ұлттық мемлекет құрылған соң біз өнер мен мәдениетке назар аударамыз. Ахаң жа бұл туралы арнайы іс жоспарлап жүр.

Ахмет: Соның барлығын іске асырып, ұлт мүддесіне қызмет етсек арман бар ма?

Есікті қағып, сырттан Бадрисафа кіреді.

Бадрисафа: Әңгімелеріңізді бөлгеніме кешірім өтінемін, ас даяр болып қалды.

Әлихан: Оқасы жоқ, біз ән мен жырға елітіп, саясатты бағдарлап отырсақ, Бадрисафа келін де, бізге дәмді ас әзірлеп үлгеріпті.

Ахмет: Онда асқа отырамыз ба? Қол шайып, сыртқа шығып.

Әлихан: Иа сыртқа шығып, аз кем тыныстап, қол шайып келейік.

Мағжан: жарайды

Барлығы тұрып, сыртқа шығады.

Төртінші сурет

Жарық жанғанда түрме бөлмесі. Жас жігіт пен Ахмет әңгімелесіп отырады.

Ахмет: міне солай балам, осындай бір кеште біздің үйде отырып, Алаштың алғы шарттарын талқылаған болатынбыз.

Жас жігіт: Әсерлі әңгіме екен.

Ахмет: Барлығы бейне бір елес секілді.

Өткен күндер ғой. Әлихан, Мағжан, арыстар ай! (ойланып отырып қалады)

Жарық сөнеді.

Жарық жанғанда тергеушінің кабинеті. Тергеуші әлдебір қарауылдарға бұйрық беріп жатады.

Тергеуші: сендерге аса құпия тапсырма. Бұл жолдас Сталиннің тапсырмасы деп ұғыңдар.

Қарауыл: иа жолдас тыңдап тұрмын.

Тергеуші: Сендер кешке түрмеге барып, Байтұрсыновты суық камераға отырғызыңдар. Есінен айыратын дәрі беріңдер. Азапталсын. Бірақ бұны ешкім білмейтін болсын.

Қарауылдар: мақұл жолдас. Орындаймыз.

Тергеуші: барыңдар.

Олар шығып кетеді.

Тергеуші: (екі қолын шапалақтап) Байтұрсынов ісі бітсе, мақтау естісем. О шіркін абыройым артар еді. Қой тұрмайын, қол қойдырып, бастыққа мәлімдеп, бір істі бітірейін.

Жарық сөнеді.

Жарық жанғанда тергеушінің кеңсесінде милиция басшысы мен тергеуші тұрады.

Милиция басшысы: таак, жолдас Абенов сен тұтқындаласың

Тергеуші: (шошып кетіп) нннеге, ЖЖекей Есимович?

Милиция басшысы: Алаштықтардың жанын қинамай , мойындата алмай отырсың, жақтас болдың. Ісін сотқа жолдамадың, сол үшін тұтқындалып, (сұқ қолын кезеп) атыласың! (ызылынып) ұқтың ба?

Тергеуші: жжжжолдас, Жж (абырдып сөйлей алмайды,)

Милиция басшысы: қарауыл

Ескітен (екі үш қарауыл кіреді) мына Абеновты тұтқындап, қолына кісен салып, Жыланбаевтың бөлмесіне тергеуге апарыңдар, өзін ең қауіпті қылмыскерлермен бірге қамаңдар, үш күн тамақ су берілмесін.

Қарауыл: құп болады, Жекей Есімович

Тергеуші бақырып жылайды, етпеттеп жатады, қарауылдар сүйрей жөнеледі, кенет оны милиция басшысы басын көтеріп алып, тура кеудесіне бір тебеді, ол сылқ етіп, қимылсыз қалады,қарауылдар оны сүйреп алып кетеді.

Милиция басшысы: Революция жолында ондай құрбандықтар болады. Мейлі өлсін. Оқасы жоқ, онысызда камерада оны талап жейді ғой, Байтұрсыновты сотқа дайындау керек (кетеді)

Бесінші сурет

Сот залы. Төрде судья отырады, екі жағында тағы екі милиция формасында екі адам отырады.

Ахмет Байтұрсынов бастаған оншақты адам тізіліп тұрады.

Қолдары кісенделген.

Судья: Сотталушылар сендер Кеңес одағына сатқындық жасағандарыңы үшін Үштіктің қаулысы бойынша үкім кесілді.

Мұнда Ахмет Байтұрсынов  ату жазасына кесілсін!  Үкім тура бүгін орындалсын. Басқа сөз жоқ. Сот отырысы жабық. Ешбір сөз айтылмайды.

Ахмет: Бауырлар жасымайық, біз ұлтымыз үшін бар игілікті жасау үшін еңбек еттік, Мен ұлтыма қолдан келгенімді жасадым. Арманым жоқ. Осы заман сот мырза сенің де басыңа келері хақ.

Әскерлер тұрғандарды бір бірден сүйреп әкете байстайды.

Жарық сөнеді.

Жарық қайта жанады.

Ахмет жалғыз. Қолында кісен. Түрме іші.

Ахмет: Мен бүгін атылам. Дар алдындағы сөзім бұл. Ешкім ести алмайды. Сірә, мына шағын терезеден құстар естіп, сары адалға жаятын шығар. Бәлкім кезбе жел естіп, Түркі даласынадағы, бар қазаққа жеткізетін шығар. Уа, ұшқан құс, аманатымды жеткіз, қазаққа, уа самал жел өсиетімді жеткіз, ұрпаққа. Қолымда кісен, алдымда қазған ор, желкемде мылты кезенген жендет.

Уа, қазақ ұлы, қазақ қызы, Сен Түркі текті бабалар армандаған мәңгілік ел болуың керек! Мына ұланғайыр дала асқар бел, асау өзен сендерге аманат! Қазағым! Басыңды име, тізеңді бүкпе, еңсеңді түсірме, сенің басың иілсе, жауың кеудесін керіп шалқаяды, сен жыласаң дұшпаның күледі, сен мұңайсаң көреалмастар қуанады, сен жығылсаң олар желкеңнен басады, Сондықтан еңсең тік, жүзің айбынды, туың биік болсын!

Алаш деп менде өттім, Әлиханда, Мағжан да, Жүсіпбек ше, Міржақып та өтер. Баяғыда арысықайран абыз, ғұлама Шәкәрім қажы да өтіп өтіп еді.

Халел қайда, Мұхтар қайда, Әуезов? (ойланып) ең болмаса ақиқатты жеткізер біреу қалса екен.

Уа, жұртым, түн күрсінсе, ол Алаштың өкініші деп білерсің. Нөсер жауса ерлерді жоқтаған сары даланың, сары арқаның көз жасы деп біл!

Қайран, Ертіс, Алаштың астанасы қайран Семейім, Алашқа аты мәлім, асыл Абайым жүрген, Әлихан ауасын жұтқан, Алаш ардақтары суын ішкен Семейім сенде сен қалдың ба, бізден? Қайран дала, туған өлкем, шерлі Торғайым, (сәл үнсіз) саған деген сәлемімді ұшқан құстан жолдадым. Қош елім!

Аманатым ана тілімде, қазақ тілі өлмейді, мен де өлмеймін, Қош Алаш! Қош қарт Семей! Жапырағың маған жастық болсын, топырағың төсенішім болсын. Жасыл шалғының көрпем болсын! Мен жамылған топыраққа шынар өсер, ол Алаштың биік айбыны деп біліңдер, мен жатқан жерге гүл өсер, ол Алаш рухты ерлердің еліне тағзымы деп біліңдер, Нөсер жаңбыр мен жамылған топырақты суарсын, Ол аспан ананың ақ сүтідеп білейін, ескен жел қабірімді сипасын, ол қзақтың алақаны деп білейін! Қош! Қош!

Алтыншы сурет

Түн. Түс секілді.

Екі жендет Ахметті қолтықтап жайлап басып, әкетіп бара жатады. Артында мылтық ұстаған жендет. Айнала тұман бір көрініп, бір көрінбейді, «Аққұм» әні жайлап есіп тұрады. Ахметтің алдынан кенет әкесі Байтұрсын сосын кимешек киген анасы қарсы тұрады. Айналасында кішкентай балалар айналып билеп жүреді.

Байтұрсын мен анасы Ахметтке құшақ жайып Ахмет балам кел бері, келдің бе деп қарсы алады. Кенет мылтық даусы тарс ете түседі. Қою қараңғылық түседі.

Жетінші сурет

Түн ортасы. Жарық жанғанда шашын жайған Бадрисафа отырады. Көйлекшең, ұйқыдан тұрған кезі. Баяу «Аққұм» әні есіп тұрады.

Бадрисафа: Түс көрдім. Арысым, Алаштың көсемі Ахаң бақиға аттанған екен. Мынау жаулар қайран Ахаңымды құртқан екен. Осы зауал өздеріңе келсін.

Қара түн, сен неге қабағыңды түйдің, бәлкім Ахаңның өлімін көргің келмеген болар.

Жұлдыздар, сендер неге бұлтқа жасырындыңдар екен, Арыс Ахаңның ғазиз басының жерге тигеніні көргің келмеді ме?

Алтындай ай, сен неге көрінбедің, Алаш көсемі, дарабоз Ахаңның кеудесіне оқ тигенін көргің келмегені болар.

Асқар Алатау, сен сен неге түнге тығылдың екен. Бәлкім асыл Ахаңның жүрегінен қан тамғанынына қарағың келмеді ме?

Уа, аспан неге жыладың, сен бәлкім асыл Ахаңды жоқтағаның боларсың. Жауын тамшысы сенің көз жасың ба екен?

Уа, қара жер, асыл Ахаңды құшағыңа алдың ба?

Жел, сен неге сыбырладың,

Бәлкім арманда кеткен асыл Ахаңның жаназасын сен оқыған шығарсың, самал жел.

Талдар, сендердің жапырақтарың неге сыбырласады. Бәлкім Асыл Ахаңның қайғылы қазасын жалпақ елге жария етіп жатқандарың болар. Естісін, Алаш жұрты, естісін қазақ елі, асыл ардағы Ахаңның ұлты үшін жазықсыз жала жабылып, мәңгілік сапарға аттанғанын.

Сахна экранда найзағай ойнап, дауылды жаңбыр құйып кетеді, Бадрисафа тұрып алыстай береді.

ЭПИЛОГ

Дала көктем, ән есіп тұр. Экранда Ахметтің ескерткіші. Саханада ақсақал қария отырады. Сахнада төрінде  кішкентай балалар, тізіліп тұрып, «Елім менің» әнін айтып тұрады. Қолдарында  көк тудың кішкентай жалаушаларын  ұстаған.

Балалар ескеткіш алдында ән айтып, Қолдарындағы гүлдерін сахна төріндегі Ахметтің ескерткішінің алдындағы стол үстіне қалдырып барлығы тізіліп тұрады.

Ақсақал: Ұландар, сендер  елдің болашағысыңдар, қазақтың ертеңі сендер.  Мен 1937 жылы мына Ахаңмен бірге түрмеде он сегіз жасымда отырдым. Халық жауысың деп, жала жауып, қамады, он жылға Сібірге жер аударды. Ақыры кінәсіздігім дәлелденіп,ақталдым. Көрмеген азабым жоқ. Ахаң жарықтық атылып кетті, міне ақталды.

Мынау сол Алаш үшін тер төккен асыл Ахаңның ескерткіші. Ахаң кезінде бізге,  сол кездегі жастарға Ел мен жерді аманат еткен болатын. Міне, аманат орындалды. Азат ел болдық. Енді сендер Ахаңның аманатына адал болып, тәуелсіздікті қорғаңдар! Ел үшін, мәңгілік ел болу үшін отаншыл, қайсар болыңдар.

Жас ұлан: аманатты орындаймыз ата, аманатқа адал боламыз!

Соңы

Қыркүйек айы 2017 жыл