Спорт • 05 Маусым, 2019

Головкин мен Роллс ашық жаттығу өткізді

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс 9 маусымда өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлерге арнап ашық жаттығу өткізді.

Головкин мен Роллс ашық жаттығу өткізді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Таймс-Сквер алаңында өткен ашық жаттығуға Головкиннен бөлек, бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын отандасымыз Әли Ахмедов және тағы бір жерлесіміз Бақтияр Эюбовтың қарсыласы Брайан Себальо қатысты. Ашық жаттығудан кейін боксшылар жанкүйерлермен бірге фотосессия жасап, қолтаңба қойылған естелік бұйымдарды да сыйға тартты. Сондай-ақ Головкин АҚШ-тағы қазақстандық жанкүйерге тегін билет сыйлады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы айқас 9 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Кездесу 12 раундқа жоспарланған.