Спорт • 06 Маусым, 2019

Карина Құзғанбаева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суве (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан қоржынына Карина Құзғанбаева алтын медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Карина Құзғанбаева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды


81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Каринаға ешкім тең келмеді. «Алтынды» 224 кг (98+126) нәтижесімен жеңіп алды. Сонымен қатар, Карина «кіші» алтын медаль жұлқа көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.

Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Спортшы 221 кг (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Бойжеткен 206 кг (93+113) нәтижесімен «қола» жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов қанжығаға байлаған болатын.