«Бейбіт күні қылмыскерлердің қолынан полиция, әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты. Қылмыскерлердің арамза ойларын орындауға құқық қорғау органдарының жедел шаралары мүмкіндік берген жоқ. Халықтың тыныштығын қорғау жолында 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары Майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапардың қазалары орны толмас өкініш. Аталған азаматтардың жанкештілікпен жасаған әрекеттері лайықты бағасын алып, тәуелсіз Қазақстанның ерліктер жылнамасында жазылып қалды. Бұл оқиға барлығымыз үшін үлкен сабақ болып, қоғамға енген дертпен тек мемлекеттік органдар ғана емес, жалпы қоғам болып күресуіміз қажет»,-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
5-маусым күні 66/55 әскери бөлімінде 2016 жылдың 5- маусымда ланкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті. Қайғылы оқиғаны еске алу шарасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Сонымен қатар, жиында құқық қорғау және қауіпсіздік орган басшылары болды. Аймақ басшысы ланкестік шабуылдан қаза тапқан жандардың құрметіне гүл шоқтарын қойып, есімдері мәңгі ел есінде қалатынын жеткізді.
Вице-министр: «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз
Туризм • Бүгін, 15:00
Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:45
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29