Әлем • 08 Маусым, 2019

Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға баратын магистраль құрылысы кешіктірілді

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумында мәлімдеді.

Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға баратын магистраль құрылысы кешіктірілді

Дерек  таңертен «ЕурАзЭҚ» сайтында жарияланды. «ЕурАзЭҚ - қа және төраға Си Цзиньпиннің" Бір белдеу-бір жол " идеясына қатысты айтар болсақ, бізде нақты бірлескен жоба бар: Қытайдан Қазақстанға жол жүріп жатыр, инфрақұрылымдық жоба үлкен. Біз өзіміздің автомобиль магистралімізді Қазақстанға дейін тартуымыз керек, айтпақшы, кешігіп жатырмыз, себебі қазақтасср мұны жасады», - деп мәлімдеді   РФ президенті В. Путин.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» инвестициялық жобасы Ресей, Қазақстан және Қытай аумақтарын қамтиды. Маршруттың жалпы ұзындығы 8 мыңнан астам километрді құрайды. Оның 2787 километрі Қазақстан аумағы бойынша, 3181 километрі ҚХР және 2192 километрі Ресей арқылы өтеді. Құрылыс 2008 жылы басталды. Қытай — Қазақстан учаскесі жұмыс істеп тұр.

«Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы Қытайдың Орталық Азияның, Еуропа мен Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда-көлік дәліздерін жетілдіру және жаңаларын құру жөніндегі бастамасы болып табылады.

«Жібек жолының экономикалық белдеуін» қалыптастыру идеясын ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин ұсынды және 2013 жылғы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада сөйлеген сөзінде алғаш рет айтқан еді.