Бокс • 09 Маусым, 2019

Елбасы Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің TWITTER парақшасында хабарлады.

Елбасы Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

«Құрметті Геннадий! Сені кәсіби бокс кешіндегі кезекті жеңісіңмен құттықтаймын! Әділ айқаста сен тағы да өзіңнің жоғары шеберлігіңді көрсете алдың.

Сенің үнемі шеберлігіңді арттыруға, дамуға жұмсаған күш-жігерің көптеген спорттық биіктікке қол жеткізуге мүмкіндік беріп, жаңа ұрпақ үшін жарқын үлгі болады.

Саған мықты денсаулық, амандық және сәттілік тілеймін» деді Елбасы.