– Бәйбішеміз екеуіміз қуанышты жағдайда зор үмітпен дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініш-тілектеріне мұқият болады деген сенімдімін, – деді Бүркіт Есжанов.
Айта кету керек, Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінің барлығында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайдың бәрі жасалған: олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабинкалар құрылды және жәшіктер қол еркін жететіндей деңгейде орналастырылған. Кейбір учаскелерде буфеттер жұмыс істеп тұр.
Халықаралық және тәуелсіз ұйымдардың атынан сайлау барысын бақылауға ниет білдірген байқаушылар үшін сайлау учаскелерінде барлық жағдай қарастырылған.