Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауының тарихи күн екенін атап өтті. Ол билік тарапынан сайлаудың ашық әрі демократиялы өтуі үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
- Менің ойымша, әр сайлау, әсіресе, Президент сайлауы «қақтығыс алаңы» емес. Бұл – үміткерлердің ұсыныстары, бағдарламалары бәсекеге түсетін дода. Біздің халқымыз елде болып жатқан саяси оқиғаларға ешқашан бейжай қараған емес. Осы жолы да Қазақстан халқы өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, мемлекетіміздің болашағы үшін дауыс береді деп үміттенемін, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңында Мемлекет басшысы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.