Индекстің айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында байқалды, бұл қалада 1 шаршы метрдің бағасы 4,1% өсіп, әр шаршы метр 212 мыңнан 220,8 мың теңгеге дейін көтерілген. Мамыр айының соңында және маусымның басында бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 314 теңгеге жетті.
Алматыда баға индексі қаңтар айында соңғы екі жарым жылдағы көрсеткішті жаңартты: бір шаршы метр 373,5 теңгеге бағаланып тұр (+10 250 теңге), яғни желтоқсан айына қарағанда 2,8% өскен.
Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл жаңа бағалар айтарлықтай қымбаттау болып саналады. Бағасы түскен жалғыз қала - Ақтау. Өңірде пәтер құны 5,2% арзандапты. Қазіргі уақытта шаршы метрі 196 мың теңге. Оған қоса Ақтау ең қымбат бес қала қатарынан шығып, алтыншы орынға түсті.
Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл баға сәуірдегі көрсеткіштен 0,8%-ға жоғары.
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 3,1%-ға қымбаттаған. Бұрын салынған, қайта сатылатын пәтердің 1 шаршы метрінің мамыр айындағы орташа бағасы – 192 201 теңге.
Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,9%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7% өскен.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 3,8%-ға қымбаттады. Жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа 253 мың 242 теңгеден сатылды. Ал қайта сатылған абаттандырылған тұрғын үйдің шаршы метрі 185 мың 664 теңгеге, абаттандырылмағандары 114 мың 496 теңгеге бағаланған. Абаттандырылған тұрғын үйдің әр шаршы метрі 1 мың 329 теңгеден жалданған.
Жалдамалы баспана бағасында да өзгеріс бар. 2019 жылдың мамыр айында жалдамалы пәтердің құны 1 шаршы метр үшін 1,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары. Түркістан мен Талдықорғанда жалдамалы баспана бір ай ішінде сәйкесінше 15% (1 ш.м. үшін 1,7 мың теңгеге дейін) және 5,3% (1 ш.м. үшін 1,2 мың теңгеге дейін)қымбаттаған. Сонымен қатар, Тараздағы жалдамалы пәтердер 2,8%, Астанада - 2%, Ақтөбеде - 1,2% және Оралда - 1,1% қымбаттады. Басқа өңірлерде қаңтар айында баға өзгере қойған жоқ.
Әйткенмен, жаңа пәтердің 1 ш.м үшін сату бағасы 0,6% қымбаттап, 277,4 мың теңгені құраса, қайта сату бағасы 0,3% жоғарылап, 189,1 мың теңгені құрады.
Жаңадан салынған пәтерлер көбіне Оралда (6%, 1 ш.м. үшін 156,2 мың теңгеге дейін), Алматыда (1,6%, 1 ш.м. үшін 332,5 мың теңгеге дейін), Көкшетауда (0,9%, 1 ш.м. үшін 194,1 мың теңгеге дейін) және Шымкентте (0,4%, 1 ш.м. үшін 318,7 мың теңгеге дейін) қымбаттаған.
АЛМАТЫ