Саясат • 12 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

1182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі басталды. Ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қатысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

Ұлықтау рәсімін Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми бастады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне Конституцияның 42-бабына сәйкес Қазақстан халқына ант бергеннен кейін кірісетінін хабарлады.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!» - деп халыққа ант берді.

Міне, осы сәттен бастап Президент ресми қызметіне кіріскен болып саналады. 

Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президент куәлігін табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті. 

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35