Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана, дәрігерлерге баспана салынады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу туралы келісіміне қол қою рәсіміне қатысты.

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана, дәрігерлерге баспана салынады

Рәсім барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн Петропавлда көпсалалы аурухана салу жөніндегі меморандумға қол қойды. Шетелдік әріптестерді Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың қолайлығы толық қанағаттандырып отыр.

«Инвестор өз қаржысына биыл заманауи көпсалалы аурухананың құрылысын бастайды. Біз осы жобаны жүзеге асыру үшін бір жыл бойы келіссөздер жүргіздік. Тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік жоба саналады. Аурухананың ашылуы сапалы медициналық қызметтерді көрсетіп, үздік технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек. Мұнда тәжірибелі дәрігерлер заманауи медициналық қондырғыларда жұмыс жасайтын болады. Оған қоса аурухана кешені еліміздің өңірлері мен көршілес Ресей облыстарының тұрғындары үшін де қызмет көрсететін болады. Осылайша біз медициналық туризмді  дедамытамыз»,  дейді Құмар Іргебайұлы.

Түрік инвесторы аурухананы тұрғызып, басқаратын болады. «YDA Holding» бұл бағытта бай тәжірибеге ие, менеджменттің заманауи стандарттарын терең игерген. Сондай-ақ өңір дәрігерлерін оқытып, тәжірибе алмасу үшін шетелдік мамандарды тартпақ. 

Көпсалалы аурухана «Шығыс» шағын ауданында салынады. Кешеннің аумағында дәрігерлерге арналған баспана тұрғызылады.

Солтүстік Қазақстан облысы