Әлем • 12 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанға АҚШ тұрғыны көшіп келді

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері өңірге 151 адам тұрақты тұруға өтініш жазса, оның 8-і –алыс шетелдерден қоныс аударуға тілек білдірген.

Солтүстік Қазақстанға АҚШ тұрғыны көшіп келді

Көші-қон басқармасының бастығы Талғат Әбілевтың айтуынша, теріскейге көшіп келуге ниет еткендердің бірі - 89 жастағы Вера Бурлакова. Ол осы жерде туып-өскен. 2004 жылы АҚШ-қа қызының қолына көшіп кеткен. Енді 15 жылдан кейін атамекенге оралуды жөн көрген.

«Солтүстік Қазақстанда фабрикада, автобус паркінде жұмыс істедім. Күйеуіміз екеуіміз алты бала өсіріп, тәрбиеледік. Шетелге 75 жасымда қоныс аудардым.  Бірақ уақыт өткен сайын сағынумен болдым. Қайтып келгеніме қуаныштымын. Бұл жерде менің туыстарым, немерелерім мен жиендерім тұрады», -дейді Вера Ивановна.

Мұхиттың арғы жағынан Кристен Дениелсон да Қазақстанға көшіп келуді жоспарлаған. Облыстық көші-қон қызметі басқармасына ол құжаттарын тапсырып қойыпты.  Ол осыдан үш жыл бұрын солтүстікқазақстандықпен танысып, енді қалған өмірін соның отанымен байланыстырмақшы.

Солтүстік Қазақстан облысы