Президент • 12 Маусым, 2019

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігін тоқтатты

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігін тоқтатты

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар  тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.Тоқаев


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  12 маусым


№ 1