Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Маңғыстаулық полицейлер қайырымдылық көмек көрсетуде

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 маусым - Қазақстан полициясының 27 жылдығына орай Маңғыстауда полиция қызметкерлері қайырымдылыққа өз үлесін қосты.

Маңғыстаулық полицейлер қайырымдылық көмек көрсетуде

Отбасы - әр адам үшін әр түрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын, рухани және адамгершіліктің ошағы. Бірақ, азаматтардың қолдауынсыз кейбір отбасыларға қиындыққа қарсы тұру оңай емес. Сондықтан  полиция қызметкерлері отбасыларды нығайтуға өз үлестерін қосуды шешті. Акция барысында қызметкерлер 5 балалы, жас шамасы 17, 15, 12, 10 және 7 жас аралығындағы балалары бар көп балалы отбасыға материялдық көмек көрсетті.

Маңғыстаулық полицейлер материалдық көмекті тек қана аз қамтылған отбасыларға көрсетпейді.

1 маусым "Балаларды қорғау күні" қайырымдылық акциясы аясында полицейлер «Балалар ауылы» балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне де материалдық көмек көрсетті. Бұл игі іс шара әрі қарай өз жалғасын табады.

Аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, ардагерлер мен мүгедектер әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж. Бұл қайырымдылық акциясын өткізуде полиция қызметкерлері өз жалақылары есебінен ақша жинап, оларға бір ауыздан көмектесуді шешкен.

Қайырымдылық акциясы барысында Полиция департаментінің қызметкерлері ІІО ардагерлеріне, мүгедектер үйіне, қарттар үйіне барып материалдық көмек қолын созды.