Кино • 13 Маусым, 2019

«Шырақшы» – Шанхай фестивалінде

799 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-24 маусым аралығында өтетін Шанхай халықаралық кинофестивалі аясында режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы/Хранитель» көркем фильмінің әлемдік тұсаукесері өтпек. Қазақ кино тарихында аталған фестивальдің негізгі конкурсына қазақстандық фильм алғаш рет қатысып отыр.

«Шырақшы» – Шанхай фестивалінде
Фильм сюжеті соғыстан қайт­қан сарбаздың кейінгі өмір жолын баяндайды. Қан майданда немістің шалын құтқарып қал­ғаны үшін ескі фильмдер тас­па­лан­ған кинопроекторды сыйға алған сәтте майдангердің өмірлік мұ­раты жаңа арнаға бұрылған еді. Ол өмірінің соңына дейін кинопроекторды көзінің қарашығындай сақтап, келешекке жеткізуді мұ­рат етеді. Көркем туынды «зама­на көші озғанмен, өнер ғана мәңгілік» деген ойды белгілі бір арна­ға тоғыстыра отырып, тартысты оқиғамен өрбітеді.

Продюсер Қанат Төре­бай­­дың айтуынша, оқиға же­лі­­­сі шындыққа негізделген. «Шы­рақ­шы деген ұғым қазақ танымында орны бар тұлға, яғни киелі орынның сақтаушысы. Ермектің кинолары қашанда астар­лы ойымен құнды келеді. Қан­дай көрермен болса да өзіне керек дүниені пайымдай алады», дей­ді ол. 

Фильмнің алғашқы эпизод­та­ры Венгрияның Буда­пе­шт қаласында, сондай-ақ Қа­зақ­стан­ның жекелеген аудан­дарында түсірілген. Рөл­дер­ді Мұрат Мұ­қажанов, Қуат Тілеубаев, Нина Усатова, Әлі­бек Данабай сынды талантты актерлер қата­ры алып шықса, музыкалық сүйе­­мелдеуін композитор Қуат Шіл­дебаев атқарған. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Ермек Тұрсынов болса, қоюшы-операторы Мартин Сечанов, қоюшы-суретшісі Қуат Тілеубаев сынды мамандарға жүктелген.