Үкімет • 14 Маусым, 2019

Сенат Төрағасы Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес отырысын өткізді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің екінші отырысы болды.

Сенат Төрағасы Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Отырыста ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру және ұлғайту жөніндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстары туралы баяндады. Бюджет түсімдерін ұлғайту жөнінде ұсынылған шаралардың ішінен түсетін салықтарды (жеңілдіктер мен преференцияларды) реттеу; шетелдік компаниялардың кірістерін бақылау; салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері атап өтілді.

Сенат Төрағасы бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты. Дариға Назарбаева бірінші кезекте Есеп комитетін күшейту және Экономикалық тергеу қызметінің тиімділігі мәселесіне орай талдау жасалуы керек деп санайды.

Д. Назарбаеваның пікірінше, субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар саясатына деген көзқарасты да түбегейлі өзгерту керек әрі заңды түрде бекіту қажет. Сондай-ақ, салықтық және кедендік әкімшілендіруді ақпараттандыру туралы да ұсыныс айтылды. «Барлық мемлекеттік органдар, азаматтық қызметтер және басқалар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасына, олардың уақытылы және ортақ ақпараттық жүйеге кірігуіне жекелей жауапты болуы тиіс. Уақытқа қатаң шектеулер мен орындалмағаны үшін жауапкершілік белгілеу керек», - деді Сенат басшысы.  

Д. Назарбаева сондай-ақ проблемалық мәселелерінің қатарында халықтың шамадан тыс несие алуын, мемлекеттің экономикаға қатысуын атап өтті.