Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

565 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында үш күн бойы өткен «Ұлы дала мұрасы» атты халықаралық мұражайлар фестиваліне Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Моңғолия мемлекеттерінен делегаттар қатысып, өңірдің мәдени өмірі үшін айтулы оқиға болған шараның маңызын арттырды.

Мұражайлар фестивалі

Мұражайлар мәслихат құрған шараның салтанатты ашылуында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, Қа­­рағанды облысының мә­­дениет, мұра­ғаттар жә­не құжаттама бас­қар­­ма­сы­ның басшысы Ерке­бұ­лан Ағымбаев және «Мұ­­рағат-2025» ғылыми-әдіс­темелік орталығының же­тек­шісі Берік Әбдіғалиұлы, об­лыстық мәслихаттың де­­пу­таты, меценат Бекзат Ал­тынбеков  құттықтау сөз сөйледі.

Фестивальдың алғашқы күні «Өз есіміңді тарихта қалдыр» акциясы өт­кен­нен кейін, Жезқазған та­рихи-археологиялық мұ­­ражайы, Түрік Респуб­ли­­­касының Ан­­ка­ра уни­вер­ситеті мен Ас­трахань му­зей-қо­­­­ры­ғы арасында ын­ты­мақ­тас­тық туралы үш­жақты меморандумға қол қойыл­ды.

Бұдан кейін бағдар­ла­­маға сай, қолданбалы өнер бойынша шеберлік дә­ріс­тер ұйымдастырылып, оған мұражайлардың су­рет­ші-рес­тавраторлары, қыш ісі­нің шеберлері белсене ат­салыс­ты.

Фестивальде ұйымдас­ты­рылған «Ұлы дала мұ­расы» экспозициясын­да еліміздің 60-тан ас­там бі­ре­гей жәдігері қатысу­шы­лар мен қонақтар назарына ұсынылды. Соның ішінде жұртты өзіне қарат­қан экс­­­понаттың бірі «Ал­тын адам» жәдігерінің көшір­месі болды.

Халықаралық фести­вальға қатысушы қонақтар құр қол келмеген екен. Мы­салы, Қытай делегациясы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының иелігіне XVIII ғасырдағы Қытай мен Қазақстан ара­сындағы жібек сауда­сы туралы құжаттың көшір­месін сыйға тартты. Моң­ғол делегациясы болса, қа­зақ диаспорасының Моң­ғолия аумағына қалай қо­ныс аудар­ғаны туралы құжаттың көшірмесін әкеліпті. Ал өзбек делегация­сы XIX-XX ғасырлардағы қазақ хал­қының тарихына қа­тысты құжаттар мен фо­тосуреттердің көшірмесін тарту ретінде ұсынды.

Фестивальдың екін­ші күні мұражай қызмет­кер­леріне арналған «Мұ­ра­­жай қызметін жа­һан­дық жаңғырту – уақыт қа­жет­тілігі» тақырыбында семи­нар-тренинг ұйымдас­тырылды. Шара барысында Анкара универ­ситетінің профессоры Айша Чакир Илхан, жоғары санатты экскурсовод-әдіскер, Қа­зақ спорт және туризм ака­демиясының туризм сарапшысы, ЮНЕСКО ұлттық комиссиясының мүшесі Ба­қыт Оразымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, профессор Тәттігүл Қартаева және басқа да танымал тұлғалар дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық фести­вальдың қорытынды күнін­де алыс-жа­қыннан келген қо­нақ­­тар үшін ұлт ұясы – Ұлы­таудың тарих тұнған қа­сиетті жерлеріне саяхат ұй­ым­­дастырылды.


Қарағанды облысы