Саясат • 14 Маусым, 2019

2019-2020 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына Ресей төрағалық етеді

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы басталды. Отырысты ашқан Қырғыз Президенті Сооранбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

2019-2020 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына Ресей төрағалық етеді

«Ең алдымен Қазақстан тарапын сайлауды табысты өткізуімен құттықаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сайлаудағы Сіздің жеңісіңіз қазақ халқының өзіңіз таңдап алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жолға деген зор сенімін білдіреді. Сізге зор денсаулық және мемлекеттік қызметіңізге табыстар, бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлдену  тілеймін», - деді Қырғыз Президенті.

Отырысқа Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық етіп отыр. Жиынға  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон қатысуда.

Оған қоса аталмыш шарадағы байқаушы елдер қатарында Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга бар.

Жиын соңында Мемлекет басшылары  14 құжатқа, оның ішінде 13 шешім мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Бішкек деларациясына қол қоймақ.

Айта кетейік, 2019-2020 жылдары ұйымға Ресей төрағалық ететін болады. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2020 жылға жоспарланып отыр.