Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта АӨСШК-ге Азияның 27 мемлекеті мүшелік етеді. АӨСШК-ті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария етті.
Бастаманың негізгі мақсаты - өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиімді және қолайлы құрылым құруға ұмтылу.
Тәжікстан АӨСШК тарихында Кеңес төрағасы болған төртінші мемлекет. 2018 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында Форумдағы төрағалық Қытайдан Тәжікстанға өтті. Тәжік тарапы диалогтағы өз төрағалығының тақырыбын «Орнықты даму арқылы жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздік» деп таңдады.