Жиынды ашқан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон жиналған мемлекет және үкімет басшыларына, қонақтарға алғысын білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен тағы бір мәрте құттықтады.
«Күн тәртібін талқылауға кіріспес бұрын құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтағым келеді және оған мықты денсаулық пен жауапты қызметте табыс тілеймін», деді кеңестің кезекті отырысын ашқан Эмомали Рахмон.
Сондай-ақ, тәжік Президенті Шри-Ланка делегациясын Кеңестің жаңа мүшесі екенін атап өтті.