Әлем • 15 Маусым, 2019

В. Путин террористермен күрес бойынша ынтымақтастықты арттыруға шақырды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин АӨСШК-нің бесінші саммитінде айтты.

В. Путин террористермен күрес бойынша ынтымақтастықты арттыруға шақырды

"Ресей Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қатысты ауқымды міндеттерді жүзеге асыру бойынша кеңеске мүше барлық елдермен өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі. Азияда тең, ортақ және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жолында бірлескен күш-жігерді жандандыруды қолдаймыз", деді Владимир Путин.

Сонымен қатар Ресей Президенті Азиядағы нақты тұрақты тұрақтылыққа дағдарысты жағдайлар мен қақтығыстарды реттеу, террористік қауіп-қатерге дәйекті қарсы тұру арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті. 

«Ол үшін террористік топтарды анықтау және жою, олардың қаржыландыруын, әсіресе, есірткі тасымалы арқылы қаржы табуына жол бермеу бойынша ынтымақтастықты арттырған жөн», деді Владимир Путин.