15 Маусым, 2019

Қазақстан Президенті АӨСШК тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға шақырды

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан АӨСШК-нің бесінші саммитінде айтты.

Қазақстан Президенті АӨСШК тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға шақырды

"Өкінішке қарай, халықаралық ахуал айтарлықтай күрделене түсті. Қақтығыстардың көбеюі және қауіпсіздік механизмдерінің эрозиясы,сауда және санкциялық соғыстар, шиеленіс - бұл жаңа геосаяси шындық. Азия өңірінде қауіпсіздік қатері, идеологиялық және этножелілік қайшылықтар алаңдаушылық туғызады. Осы жағдайларда Азиядағы қауіпсіздіктің түйінді мәселелерін шешуге жүйелі және кешенді тәсілдер қажет. Осыған байланысты Қазақстанның АӨСШК-ні одан әрі дамыту көзқарасымен бөліскім келеді. Біріншіден, барлық достарымыз мен әріптестерімізді форумның тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін күш-жігерді біріктіруге шақырамын", деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, бұл ауқымды шараға оннан астам елдің Президенті мен Үкімет басшылары қатысып жатыр.