Әлем • 15 Маусым, 2019

Біздің ортақ ұмтылысымыз - ашық және толерантты Азияны құру - Си Цзиньпин

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Душанбеде өткен АӨСШК саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.

Біздің ортақ ұмтылысымыз - ашық және толерантты Азияны құру - Си Цзиньпин

«Даму - бұл барлық мәселелерді шешудің кілті. Бізге осы бағытта күш-жігерімізді одан әрі біріктіру қажет. «Бір белдеу - бір жол» форумы кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажет. Ашық және толерантты Азияны құру - бұл біздің ортақ ұмтылысымыз. Сондықтан Азиядағы қиындықтарды жеңу үшін барлық салаларда инновацияларды дамытып, өзекті мәселелерге жауап табу қажет», деді Си Цзиньпин. 

Сонымен қатар Қытай басшысы АӨСШК елдерін бірлескен көлік әлеуетін белсенді пайдалануға және дамытуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңестің бесінші саммиті өтті.