Онда Президент Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының ережелері ғана көрініс тауып қоймай, оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдері де белгіленіп, жинақталған түрде берілген.
Сабақтастық қағидаты Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғыртуы, Бес институттық реформаны іске асыруға арналған бағыты, Президент «Елбасы стратегиясы» деп атағанның барлығының өзгермейтіндігімен расталды.
Сонымен бірге жаңа тәсілдер мен жаңа шешімдер уәде етілді және Мемлекет басшысының айтуынша, олардың орындалуы көп күттірмейді.
Сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы өткен жылдың соңында және осы жылдың басында қалыптастырған қуатты әлеуметтік пакет осы саладағы елеулі нәтижелерге қол жеткізу мақсатында әлеуметтік саясаттың жаңартылуымен толықтырылатыны да маңызды.
Биліктің адамдардың сұраныстарын есту, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу, азаматтар алдында жүйелі түрде есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. «Уәде бермей, істеу керек!» деген тезис орталық және жергілікті биліктің іс-әрекеттерін бағалаушы ұстанымға айналып, ол адамдардың нақты әл-ауқатынан көрініс табуға тиіс. Әділдік қағидатын растау дегеніміз де міне, осында жатыр.
Барлық саладағы – экономикалық, әлеуметтік және саясат саласындағы – прогресс қағидатын Президент қазіргі заманғы сын-қатерлерге бірден-бір дұрыс жауап ретінде қарастырады.
Бірақ прогрестің өзі де цифрлық немесе физикалық өсу ретінде емес, адамдардың игілігі үшін жасалған жасампаз өзгерістер ретінде түсініледі.
Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестицияларды тарту және қорғау, іскерлік белсенділікті ынталандыру ниеті, сайып келгенде, тұрақтылық пен бірліктің негізі ретінде кең ауқымды орта тапты қалыптастыруды білдіреді.
Міне, осы жерде біз Мемлекет басшысының қоғам мен азаматтар үшін маңызды – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау мақсатына жақындаймыз.
Сайлау науқаны да осы әлеуметтік сұранысты қоғамның күн тәртібіндегі жетекші тренд ретінде алға шығарды.
Екінші жағынан, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндегі сөзінде өз қызметінің жаһандық мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдерін де атап көрсете алды.
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жауапкершілігі бір формуламен тұжырымдалды: күшті, өкілетті Президент – ықпалды, әрекетке қабілетті Парламент – халыққа есеп беретін Үкімет.
Алайда, саяси қондырма жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес болуы үшін саяси трансформация процесі белгіленген. Және де бұл процесс биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, азаматтық қоғамды дамыту, билік пен қоғамның диалогы, сондай-ақ пікірлер плюрализмі векторы бойынша құрылады.
Бұл жолдағы алғашқы қадам, бәлкім, алғашқы кеңесі осы жылдың тамыз айында өтетін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болуы мүмкін.
Ал Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың нақты жоспары барлық жұмыстың ортақ мәні болып, онда азаматтар мен қоғамның тілектері ескеріледі.
Мемлекет басшысы Президент лауазымындағы жұмысының басымдықтары деп атаған 10 міндет барынша нақтылықпен атап көрсетілді. Олардың қатарында – халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот реформасы, жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, табысты әділ бөлу, тұрғын үй мәселелерін шешу, әділ әлеуметтік саясат, жалпыға бірдей оқытуды қолдау, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сыртқы саясат және жастар блогы бар.
Олардың арасында – «өсудің маңыздылығы», «сот әділдіктің соңғы инстанциясына айналуы тиіс», «кірістерді әділ бөлу – бұл стратегиялық маңыз бар мәселе», «халық өңірлердегі шешім қабылдауларға қатысуы тиіс», «бостандыққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасампаз күші», «жастар – прогрестің қозғаушы күші», «президенттік кадрлық резерв» бар.
Бұл мәселелерді қоғам да, қазақстандық саяси тап та, мемлекеттік қызмет те естуге тиіс және Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы «есік қағып тұрмағанын», қазіргі кезде «табалдырықтан аттағанын» түсінулері керек.
Бұл біздің жаңа саяси циклге қадам басқанымызды білдіреді.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
ҚХА Төрағасының орынбасары