Спорт • 17 Маусым, 2019

Берік Әбдірахманов: Жастарға сенім артамыз

570 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңын­да бокс­тан әлем чем­пио­натының қола жүл­де­гері, Азия чемпио­ны Берік Әбдірахманов спорттық ғұмырын аяқтаған еді. Жиырма жылға жуық уақытын боксқа арнаған саңлақ бүгінде қайда, немен айналысып жүр? Көпшілікті қызықтырған сауалдарға біз де жауап іздеп көрдік.

Берік Әбдірахманов: Жастарға сенім артамыз

– 2014 жылдан бастап Ақтау қа­ласындағы Ішкі істер департамен­тінің жедел әрекет ететін арнайы жа­сағында жұмыс істеймін. Бұған дейін жұ­мы­сымды бокспен қатар алып жүр­сем, бүгін­де толық штаттамын.

– Рио Олимпиадасынан соң азда­ған үзіліс алып, кейіннен құрамаға орал­дыңыз. Тіпті Азия ойындарына бару туралы жоспарыңыз да бол­­ған екен. Оның орындалуына не кедер­гі болды?

– Рас, Бразилия жеріндегі аламаннан соң үзіліс алып, біраз тынықтым. Қайта құрамаға оралып жаттығуды жалғас­тырдым. Джакартадағы Азия ойындарына қатысу туралы ой болған. Дегенмен, Президент кубо­гы­ның қо­ры­тындысы бойынша Индоне­зия­ға Саматәлі Төлтаевты алып кетті. Бап­кер­лер оның Токио Олимпиадасына қа­тысу мүмкіндігін ескеріп, әлеуетін байқағысы келсе керек.

– Жылдың аяғында бокстан бір­жола кетуіңізге осы жайт себеп пе?

– Оны бапкерлермен ақылдаса келе шештік. Салмағымызда орнымыз­ды басатын жастардың барын көрген соң еш уайымсыз бокспен қоштасуға болатынын түсіндім. Оның үстіне жарақатым кө­бейіп, қабағым қайта-қайта жары­лып, ағзам шаршай бастағандай кө­рінді. Осы жайттардың бәрін ескере оты­рып, ұлттық құрамадағы орнымды жастарға босатқаным жөн болар дедім.

– Кез келген спортшы карьерасын есте қаларлық жеңіспен аяқ­та­­­сам дейді. Сізде ешқандай өкініш жоқ па?

– Өкініш жоқ. Тек шүкіршілік етемін. Әуесқой бокста Олимпиада ойын­­­дарына қатыстым, әлем чем­пио­на­тының жүлдегері, Азия чемпио­натының жеңімпазы атандым. Әрине төртжылдықтың бас додасында жүлде­герлер қатарына іліксем деген арма­ным болған. Ол енді кез келгенге бұ­йы­ра бермейтін бақ. Сондықтан осы жетіс­­тіктерімнің өзіне Аллаға шүкір деймін. Бокстың арқасында талай елді көрдік. Халықтың ыстық ықыласына бөлендік. Үлкенді сыйлап, кішілерге үлгі бола алғаныма қуанамын.

– Маңғыстау өңіріндегі бокстың дамуына қандай баға бересіз?

– Соңғы ел біріншілігі Ақтауда өт­кені белгілі. Чемпионат қорытын­дысы бойынша Ерік Әлжанов, Нұрбол Қалжанов, Мәулен Өскенбек, Бекзат Нұрдәулетов, Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар, Айболды Дәуренұлы се­кілді боксшылар ұлттық құрамаға енді. Бұйыртса біздің орнымызды басады деп үміттенеміз.

– Материалдық қолдау жағы қа­лай?

– Ол нәтижеге байланысты. Мыса­лы, Қазақстан чемпионы атанған спорт­шыға жергілікті қалталы азаматтар бір бөлмелі пәтер сыйлайды. Ал әлем не Азия чемпионаттарында жүл­де­гер атанып жатса, әкімдік пен федерация тарапынан қолдау көрсетіледі. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Ең бас­тысы, спортшылардың өзінде жеңіске деген жігер, көзінде от болса болғаны.

– Сіз Рио Олимпиадасына жолдаманы АРВ жобасы арқылы ие­лендіңіз. Мүмкіндігіңізді әрі қарай кәсіп­­қой боксқа сынап көру туралы ой болған жоқ па?

– Ондай ойлар, ұсыныстар да болды. Мадияр Әшкеев бауырымыздың жанына барсам дегенмін. Бірақ отбасымды тастап кете алмадым. Ата-анам да жас емес. Өзім – үйде жалғыз ұл­мын. Осының бәрін елеп-екшеп, елде қалуды жөн көрдім. Өмірімді толық боксқа арнамай, әуесқой бокс­тағы жетіс­тіктеріме қанағат деп, жа­қын­да­рымның жанында қалдым.

– Ұлттық құрама басшылығында өзгерістер болды. Ғалым Кенжебаев қан­дай жаңашылдықтар алып ке­леді деп ойлайсыз?

– Ғалым ағайдың қарамағында жаттығып көрген емеспін. Сондықтан оның әдіс-тәсілінен бейхабармын. Ол кісі жастармен бірге жақсы жетіс­тік­терге қол жеткізді. Геннадай Голов­киннің бапкері. Яғни, білікті маман екендігіне күмәнім жоқ. Жұмысына тек сәттілік тілеймін.

Алайда Мырза ағайдың бас бапкер­ліктен кеткенін естігенде көңіл күйім түсіп кетті. Өзгенің пікіріне жал­тақ­­тамайтын, жұмысын білетін, шәкірт­терінен талап ете алатын білікті маман ғой. Тамыр-таныстық дегенді біл­­мейді. Кім шынымен де дайын, кім­­нің көзінде оты бар, соны жарысқа апа­ратын. Ол кісіге алғысым шексіз. Қуан­ғаным, Мырза ағай да, Марат ағай да құрамадан кеткен жоқ. Осындай білікті бапкерлердің басы біріккенде нәтижелер де соған лайық болады деп сенемін.

– Өзіңіз боксқа қалай келіп еді­ңіз?

– Ең алғаш бокс үйірмесіне ағам ертіп апарды. «Менен жақсы бокс­шы шықпаса да, сенен жақсы бокс­шы шығады» дегені есімде. Сидней Олимпиадасындағы ағаларымыздың жетістіктерінен жігерленіп, олардың елге оралғандағы қуанышын көріп, мен де дәл осылай медаль алып елімді, ата-анамды қуантсам деген арман пайда болды. 14 жастағы жасөспірім кезім. Оның алдында еркін күреске қатысып жүргенмін. Сондықтан ба, боксқа тез бейімделіп кеттім.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Мәдина АСЫЛБЕК,

журналист