Биыл Орал, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне күн жүйелерін орнату жоспарлануда.
Алғашқы болып Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектеп жобаға енетін болады. Маусым айында «Шелл Қазақстан» компаниясы аталмыш жүйелерді іске қосып, білім ордасы пайдаланатын 25-30% жуық электр қуатын үнемдеу көзделуде. Жобаның салнатты ашылуы Астана күні қарсаңында 2019 жылдың 6 шілдесіне жоспарлануда.
«Шелл» әлемдік мұнайгаз брендінің «Күн энергиясы – мектептерге» атты пилоттық жобасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10-жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Дала Мұрагерлері» форумында таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде «Шелл» компаниясының Қазақстандағы өкілділігінің басшысы Оливье Лазар концернның осы сынды мектептік жобалары жаңартылған энергия көздерін алу және жасыл энергетикаға көшуге үлкен септігін тигізетінің атап өтті.
«Күн энергиясы – мектептерге» пилотты жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Шелл» компаниясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылады.
«Шелл» –дың алғашқы күн энергиясын ел астанасында орналасқан физика-математикалық бағыттағы мектеп 2018 жылы пайдалана бастады. Мұнда қуаттылығы 100 Квт/сағат фотоэлектрлік панельдерімен жабдықталған арнаулы тұрақтар орнатылды.
Шелл мен Зияткерлік мектептер арасындағы ынтымақтастық оқушылардың экологиялық ойлауын дамытып, жасыл энергетикамен таныстыру арқылы ғылыми жобалармен айналысуға мотивация береді.
Маңғыстау облысы