Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Суретшілер Таразда бас қосты

849 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екі мың жылдан астам тари­хы бар көне Тараз шаһары түр­кі мәдениетінің ордасы болып саналады. Бұл ретте талайғы Та­раз­ға қызығушылар қатары да аз емес. Түрлі тарихи орындар, ежел­гі ескерткіштер, тастағы таңба­лар­дың бәрі де ұлт тарихының ұсты­ны бола алатын құндылықтар. Қазақ­стан Республикасының Тұң­­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында Тараз төрінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масының ұйымдастыруымен «Әу­лие­ата бояулары» І халық шығар­машылығы фестивалі өтті. Аталған фестивальға Нұр-Сұлтан, Алматы қа­лалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан суретшілер келді.

Суретшілер  Таразда бас қосты

Мәдени шара екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Әуелгі кезеңде еліміздің төрт құбыласынан келген туындыгерлер Тараз қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап, экскурсия жасады. Экскурсия барысында суретшілер шаһар туралы шығармаларына арқау болатын орындарды таңдады. «Фестивальға қатысушылар Әулиеата жеріндегі Қарахан баба, Айша бибі, Ақыртас қалашығы, Көне Тараз тарихи-мәдени орны және «Жеңіс» сая­бағы сияқты көрнекті орындарды таңдады. Сонымен қатар қыл­қалам шеберлері облыс ауданда­рына да сапар шегіп, өздеріне тие­­сілі аумақтардың келбетін кес­кін­деу­де», дейді облыстық мәде­ниет, ар­хивтер және құжаттама бас­­қар­масына қарасты халық шы­ғар­машылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев.

Еліміздің әр қиырынан келген сурет­шілер Тараздың табиғаты мен­­ тарихи-мәдени орындары­ бей­неленген қырық картина салды. Бұл туындыларды олар өзде­рінің шеберлігі мен суретшілік қия­лы арқылы өрбітіп, көне ша­һар­дың көркем әлемін жасады. Ал фестивальдің екінші кезеңі ая­сында Тараз қаласындағы Б.Мо­мыш­ұлы атындағы «Жеңіс» сая­бағында ашық аспан астында көр­ме ұйымдастырылды. Аталған көр­меге қатысушы суретшілердің шығар­малары мен Әулиеата өңіріне белгілі қолөнер шеберлерінің және фотосуретшілердің де туындылары қойылды.

 

Жамбыл облысы