USA.one
Әлемдік ауқымдағы жаңа жетістікті Нью-Йорктен келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілі Майкл Эмприк тіркеді. Дайверлер кем дегенде 15 минут бойы суда болды. Мұхит түбінен үлкен қоқыс үйіндісі табылды. Барлық жиналған қоқыс мөлшері әлі есептелген жоқ, әзірге саналғаны 1600 фунт.
Бұл рекордты орнату оңай болған жоқ, еріктілер әлемнің әр түкпірінен жиналған. 13 жасар Далия Болин осы шараға қатысу үшін анасымен бірге Maкинoу, Иллинoйc штатынан келген.
Айта кетейік, алдыңғы рекордты Египет армиясының бұрынғы сүңгуірі Axмeдoм Гaбp орнатқан болатын. Ол 2015 жылы командасымен бірге 614 дайвермен Қызыл теңіз түбін тазалаған.
Статистикаға сәйкес, 2017 жылы International Coastal Ocean Cleanup бастамасымен әлемдік мұхит пен жағалаудағы қалдықтарды тазартушылар 2,4 млн темекі қалдығы, 1,7 млн ыдыс және 1,5 млн пластикалық бөтелке тапқан. Сондай-ақ 800 000 ерікті пластикалық пакеттер мен контейнерлер, су ішуге арналған түтіктер тапқан.