Қоғам • 18 Маусым, 2019

ҰБТ жүргізуге дайындық 100% қамтамасыз етілуі тиіс — А. Мамин

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

ҰБТ жүргізуге дайындық 100% қамтамасыз етілуі тиіс — А. Мамин

Биыл Қазақстанда ЖОО-ларға түсуге ниет етушілер саны 117 мыңнан асады. Білім беру грантын алуға және мемлекет есебінен білім алуға үміттенушілер үшін биыл тестілеу 20 маусымда басталады.

ҚР Үкіметінің басшысы өңірлердің әкімдеріне оқушылардың ҰБТ-ға қатысуын ұйымдастыру мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

«ҰБТ өткізуге дайындық 100% қамтамасыз етілуі тиіс», — деді Асқар Мамин. 

— Білім және ғылым министрлігінің міндеті – тест өткізу пункттерінің барлығының жұмысын нақты үйлестіру».

Мемлекеттік органдарға ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.