Әлем • 19 Маусым, 2019

Үндістанда қатты ыстықтан 184 адам қайтыс болды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Бихар штатында қатты ыстықтан қаза тапқандар саны өткен сенбіден бері 184 адамға жеткен.

Үндістанда қатты ыстықтан 184 адам қайтыс болды

Мемлекеттік табиғи апаттарға қарсы күрес департаментінің деректері бойынша, ең көп өлім саны Магад ауданына қарасты Аурангабад, Гайе және Навадта тіркелген.

Сенбі күні мемлекеттің көптеген бөліктерінде қатты ыстыққа байланысты 24 сағат ішінде 45 өлім тіркелді. Жексенбі күні тағы 29 адам қаза тапты. 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті.

IANS агенттігіне  сұхбат берген ресми қызметкерлердің сөзіне қарағанда  Гая ауданының әкімшілігі дүйсенбі күні қатты ыстыққа байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл - ауа-райы жағдайларына байланысты штатта енгізілген алғашқы төтенше  жағдай. Билік өкілдері тұрғындарға таңертеңгі сағат 11-ден кешкі 4-ке дейін үйден шықпауға кеңес берді. «Бұл шара адамдарды, құрылыста жұмыс істейтін жұмысшыларды қорғау үшін жасалған қадамның бір бөлігі», деді Гая ауданы магистраты Абхишек Кумар Сингх. Бихардағы барлық мемлекеттік мектептер ыстыққа байланысты 22 маусымға дейін жабылды.

Бихардың көптеген аудандарында бір аптадан астам уақыт бойы температура 40°C-дан жоғары болып тұр. Үндістанның метеорологиялық департаментінің мәліметтері бойынша, ең жоғары температура сенбі мен жексенбі күндері нормадан айтарлықтай жоғары болды. Бұл Бихардағы көптеген жерлерде жылдың осы уақыты үшін қалыпты максимумнан 5,1°C-ге артық.