Экономика • 20 Маусым, 2019

«Қазгеодезия» КДҰИ цифрлық жобасын іске асырады

565 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

XXI ғасыр шындығында цифрлық жүйеге көшіру ауқымды міндет болып табылады. Ол өмірдің барлық салаларын қамтуы қажет: мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бастап болашақ экономиканың жаңа салаларын құруға дейін. Саяси өрлеуді қосқанда елдің дамуы, цифрлық желіге көшірумен тікелей байланысты. Ол мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастар маңызын сапалы өзгертеді. Сондықтан Елбасы бекіткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орындалуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

«Қазгеодезия» КДҰИ цифрлық жобасын іске асырады
Ел Үкіметі бекіткен «Цифрлы Қазақ­­стан» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыру мақсатында осы бағдарлама бойынша Шаралар жоспарына 52 тармақпен «Кеңістіктік деректердің ұлттық инф­рақұрылымы» (бұдан әрі – КДҰИ) жобасы қосылған, кеңістіктік деректер туралы ақпаратты біріктіру және құры­лымдауға бірыңғай тәсілдемені қалып­тастыру қарастырылған. 
Бағдарламаның қойылған мақсат­тарын және тиімді мемлекеттік басқару мен нық әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыру үшін кеңістіктік мәліметтер туралы цифрлы ақпарат маңызды стратегиялық ресурс болуы тиіс. Қазақстанда әртүрлі сала­лардың қызметі нәтижесінде алынған кеңістіктік мәліметтердің үлкен көле­мі жинақталған, бірақ үлкен көлем мен бірыңғай тәсілдеменің жоқ­тығы көрсетілген мәліметтерді қалып­тас­тыруға ақпарат алмасу және басқару кезінде кедергілер туғызады.
Жобаны іске асыру экономиканың барлық салалары мен қатардағы пай­да­ланушылардың жаппай пайдалануы үшін ақпаратты жинақтаудың бірікпеген нысандарынан кіріктірілген нысандарға көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кеңістіктік ақпа­ратты жинақтаудың біріктірілген нысандарына көшу тұтынушылардың оларға «бір терезе» қағидаты бойынша қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 
Жоғарыда аталған ақпарат мемле­кеттің, азаматтардың және заңды тұлға­лардың мемлекеттік басқару, жоспарлау, жобалау және басқа да шешімдерді қабылдау кезінде оны одан әрі тиімді пайдалану үшін ақпаратты сақтау мен пайдаланудың негізінде жаңа тәсілі болып табылады. Кеңістіктік деректерді кіріктіруден басқа, КДҰИ жобасында іске асырылатын ақпараттық комму­никациялардың арқасында кеңістіктік деректерді алудың дәлдігін бірнеше сантиметрге дейін арттыру және оларға қол жеткізуді оңайлату жөніндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізіледі.
КДҰИ жобасын іске асырудың бастапқы кезеңі еліміздің аумағын мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту болады. Бұл кезең­де заманауи спутниктік техно­логиялар­ды пайдалану арқылы салалық цифрлы геокеңістіктік деректерді кірік­тіру кезінде біртекті дәлдікке қол жеткізу жоспарланған.
Қазақстан Республикасының мем­лекеттік геодезиялық қамтамасыз еті­луін жаңғырту, мемлекеттік спутник­тік геодезиялық желісінің (бұдан әрі – МСГЖ) базасында геоцентрлік координаттар жүйесін құруды, жаңа және құрылған кеңістіктік деректердің байланысы үшін координаттар жүйесінде МСГЖ қатысты қолданыстағы мемле­кеттік геодезиялық желі мекен координаттарын есептеуді қамтиды. Геоде­зиялық, нивелирлік және гравиме­триялық желілердің жиынтығы физи­­калық іске асыру және координаттар мен биіктіктердің бірыңғай мемле­кеттік жүйесін тасымалдаушы болады.
Координаттардың жаңа геоцен­трлік жүйесіне көшу Қазақстан Рес­публикасының барлық аумағын ашық кеңістіктік деректермен қамтама­сыз етуге мүмкіндік беретін елімізді гео­де­­зиялық және картографиялық қам­тамасыз етудің барлық жүйесін жаңғырту қажеттілігін негіздейді.
КДҰИ жобасының шеңберінде құрылатын ашық кеңістіктік деректер базалық болады және салалық кеңістіктік деректерді құру үшін негіз болады. КДҰИ үшін базалық кеңіс­тіктік деректердің негізгі көздері цифр­лы аэроғарыштық түсірілім дерек­тері негі­зінде жаңартылған цифрлы топо­графиялық карталар мен жоспарлар болып табылады.
КДҰИ жобасы шеңберінде іске асырылатын ақпараттық жүйелер геокеңістіктік деректерге сантиметрлік дәлдікпен жылдам және жаһандық қол жеткізуге мүмкіндігін береді, бұл нақты егіншілік, кадастрдың бар­лық түрлері, құрылыс, ғимараттар динами­касының мониторингі және т.б. солар сияқты экономика салаларының тиімді дамуына түрткі болады.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні КДҰИ жобасын іске асыру үшін барлық алғышарттар бар. Мысалы, 101 «Топографиялық-геодезиялық жә­не картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету және оны сақтау» ішкі бағдарламасының 259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетім­ділікті арттыру» мемлекеттік бағ­дарла­масы шеңберінде Жер ресурс­­тарын басқару комитеті­н­ің бағыныш­ты кәсіпорындары Қазақстан Республикасы аумағының 50%-на 1:25 000 масштабтағы цифрлық топо­графиялық карталар түрінде кеңіс­тіктік деректерді жасады, ал еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес 2022 жылға дейінгі мерзімде 70% аумақты заманауи кеңістіктік деректермен қамту қарастырылуда. 
«Кеңістіктік деректердің ұлт­тық инфрақұрылымы» жобасын ілге­рілетудегі бірінші қадам «Қазгеодезия» РМҚК (бұдан әрі – кәсіпорын) тарапынан жасалды. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика минис­трлігі, Қорғаныс министрлігі, Цифр­лық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Зерде» ҰАХ» АҚ тарапынан өзара түсіністік пен қолдау арқасында барлық мүдделі мемлекеттік ұйымдармен келісілген КДҰИ жобасының Инвестициялық парағы түрінде аралық қорытынды алынды. Жобалау-сметалық жұмыс­тарының аяқталуына байланысты кәсіпорын КДҰИ жобасын еліміздің Үкіметінде оң бекітілуіне сеніммен қарайды.
Кәсіпорын басшылығы КДҰИ жо­басының орасан зор екенін және Қазақстан аумағында жұмыстардың қам­тылуы мен мазмұны бойынша сәйкес келетін осындай жобалардың іске асырылмағандығын түсіне отырып, 1:25 000 масштабтағы Қостанай облысының аумақтары бөлігінің және 1:2 000 масштабтағы Қостанай, Руд­ный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалаларының ашық картасын құруға және жеке жергілікті спутниктік геодезиялық желісін құ­руға бағытталған екі пилоттық жобаны іске асыруды бастады. Жергілікті спутниктік геодезиялық желінің дерек­тері Өзбекстан Республикасының мемлекеттік спутниктік геодезиялық желісінің координаттарын теңестіру кезінде пайдаланылғанын, сондай-ақ осы желі мемлекеттік тапсырма шең­берінде аэроғарыштық түсірілім жұмыстарын орындау кезінде пайда­ланылғанын ерекше атап өткен жөн. 
КДҰИ жобасы бойынша жұмыс­тардан басқа, кәсіпорын экономика салаларын картографиялық-геодезиялық деректермен қамтамасыз ету үшін республика облыстарының, қалалары мен елді мекендерінің ашық картасын жасау жөнінде жұмыс­тар жүргізуде. Ашық карталардың бірін­ші тұтынушысы «Жылжымайтын мү­ліктің бірыңғай мемлекеттік кадас­тры» (бұдан әрі – ЖМБМК) жобасы болды, оның шең­берінде кәсіпорын өтеусіз негізде Ақ­төбе қаласы бойынша ашық деректерді берді. ЖМБМК жобасын іске асыру аясында кәсіпорын 2019 жылдың соңына дейін барлық облыстық орталықтар, қалалар мен елді мекендер бойынша ашық карталарды беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ кәсіпорын бірыңғай халық­аралық талаптар бойынша ке­ңістіктік деректерді қалыптастыру тәжі­рибесіне ие болды. Елде аэро­на­вигацияның заманауи талаптарына жауап беретін геоцентрлік координаттар жүйесі жоқ болғандықтан, Қазақстан Үкіметі Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттарына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының азаматтық авиациясында дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесін-1984-ті (WGS-84) енгізуге шешім қабылдады. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кемелерін басқару барысын автоматтандыру мақсатында кәсіпорын 2012-2014 жылдар аралығында елдің 20 әуежайында жоғары дәлдікті аэронавигациялық кеңістіктік дерек­тердің инфрақұрылымы құрыл­ды. Құрылған инфрақұрылым әуе­жайларда және 50 километр радиус­та оларға іргелес аумақтарда кеңіс­тіктік деректерді қамтиды, бұл ұшу қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Осы жобаны енгізгеннен кейін қазақстандық авиакомпаниялардың Еуро­палық Одақ елдеріне ұшуына шектеулер алынып тасталды. Өткізілген жұмыс Париж қаласындағы (Франция) Еуропа және Солтүстік Атлантика бойынша Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ) аймақтық бюросының отырысында жоғары баға­ланды.
Кәсіпорын алдына мемлекет қойған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, жыл сайын өз қаражаты есе­бінен материалдық-техникалық база заманауи геодезиялық аспаптармен, компьютерлік, мамандандырыл­ған бағдарламалық қамтамасыз ету­мен және арнайы мақсаттағы көлік­пен жаңартылып отырады. Өндіріске инновациялық технологияларды енгізу мақсатында кәсіпорын 2018 жылы ірі масштабты аэротүсірілім жұмыстарын орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алды, ал 2019 жылы орташа форматты аэротүсірілім кешені сатып алынады.
Қазақстан Республикасының жаң­ғыр­тылған мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету құрылымын жасау және өндірісте спутниктік технологияларды енгізу және пайдалану үшін, Кәсіпорын 2020 жылы ҒНСЖ (GPS, ГЛОНАСС) қабылдағыштарды сатып алуды және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын референц станциялары желісін ұлғайтуды, ел аумағын­да біркелкі орналастыруды, өзара және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік геодезиялық желісімен қатаң байланыстыруды жоспарлап отыр. Құрылған желі өнімдерін пайдалану дәлдігі жоғары кеңістіктік дерек­терді алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыруда жоғары білікті кадрлық құрамды даярлауда ерекше рөл атқарды. Жыл сайын біліктілікті арттыру және КДҰИ жобасын іске асыруға дайындау мақсатында кәсіпорын мамандары Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де техникалық оқыту мен тренингтерге қатысады. 2014 жылдан бас­тап 2019 жылға дейін кәсіпорын мамандары Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Еуропалық Одақ елдерінде оқудан өтті. Оқыту спутниктік геодезиялық желілерді құру, мемлекеттік координаттар жүйесін орнату, гравиме­триялық желілерді дамыту және геодезиялық желілерді теңестіру кезіндегі математикалық есептеулер бағыттары болды. Ағымдағы жылы референцтік стансаларды орнатудағы қазақстандық кәсіпорындардың тәжі­ри­бесімен танысу мақсатында Алматы қаласындағы Кәсіпорын мамандары­ның қатысуымен «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС және «Geokurs» ЖШС компанияларының базасында техникалық оқу өткізілді. Бұдан басқа, кәсіпорында тар бейінді мамандықтар мен фирмалар өкілдерін, геодезия­лық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету дистрибьютер­лерін ша­қыра отырып, тұрақты негізде үз­дік әлемдік тәжірибе мен өндіріске про­грессивті технологияларды енгізуге бағытталған тренингтер өткізіледі.
Бүгін, «Қазгеодезия» РМҚК бас­шылығы «Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректерінің ұлттық инфра­құрылымы» жобасын іске асыруға толық дайын екендігін сеніммен және жауапкершілікпен мәлімдейді.
«Қазақстан Республикасының кеңістік­тік деректерінің ұлттық ин­фра­құрылымы» жобасы бөлігінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы міндетті түрде орындалуы тиіс деп есептейміз.
Ақылбек ШПИКПАЕВ, 
Ауыл шаруашылығы министрлігі 
Жер ресурстарын басқару комитеті 
«Қазгеодезия» РМҚК
бас директоры, 
«Құрмет» орденінің иегері