Қала басшысының назарына ұсынған жобаларды конкурсқа келіп түскен 50 жұмыстың ішінен іріктеп алды.
Қала билігі Қазақстанның халық әртісі Шәмші мүсіні Қазақстан қонақ үйі мен Республика сарайының ортасына, Балуан Шолақ болса Спорт сарайының алдынан орын береді.
Сондай-ақ жыл аяғына дейін Қыз-Жібек пен Төлегеннің қоладан құйылған мүсіндеріне орын беру жоспарда бар. Ескерткіш-мүсіндерде қос ғашықты кинода сомдаған Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбековтердің өмірдегі бейнесімен сомдалған. Қазір конкурс комиссиясына келіп түскен жобалар іріктеліп жатыр.
Сондай-ақ Алматыдағы Орталық музейге келген қонақтарды ерте замандарда көшпенділік салтын ұстанған бабаларымыздың қоладан құйған мүсіндері күтіп алып, шығарып салатын болады.
Мүсіннің композияциясында геометриялық өрнектер кеңінен қолданып, петроглифтер тасқа қашалып түсірілген. Жоба авторлары , белгілі суретшілер Санжар және Жәнел Жұбановалар бізге берген сұхбатында мүсіндерді дайындау кезінде тау шатқалдарының сынықтары қолданылғанын айтты. Басқаша айтқанда жасанды емес, дала көрінісінің кішкентай бөлшегі. «Бұл тарихын қағазға емес, тасқа жазып кеткен ата –баба рухымен сырласып қайтуға берілген мүмкіндік», –дейді болар бізбен әңгімесінде.
Мүсіндердің жобасымен танысқан қала әкімі Бауыржан Байбек Орталық музей алдындағы су бұрқақты жаңартуға және газондардың орнына дала гүлдерін отырғызу туралы кеңес берді. Қазақ даласының кішкентай бөлшегі бабалар мүсінімен бірге Алматыға қайта оралды. Ескеркіштер қала бюджетінен емес, жеке инвесторлардың қаржысына бой көтереді.
Қала әкімі Бауыржан Байбек журналистермен кездескен кезде 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдары қазақтың тарихынан орын алған қайраткерлердің мүсіндері Алматыдан орын алатынын айтты. Осыдан бірнеше жыл бұрын Иманғали Тасмағамбетов Абдолла Қарсақбаев пен Бердібек Соқпақбаев тандемы түсірген «Менің атым –Қожа» киносы кейіпкерлерінің қола мүсіндері Астанаға орнатылатынын айтқан. Тасмағамбетовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл ұсыныс ұмыт қалды.
Күні кеше ғана ЕО және Лондон көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген туындыны сомдаған кейіпкерлердің мүсіндері Алматыдағы саябақтардың бірінде орнатылса деген біздің ұсынысты Алматы әкімі назарға алады деп үміттенеміз.
АЛМАТЫ