Медицина • 21 Маусым, 2019

Мүмкіндігі шектеулі түлектер табысқа жете ала ма?

540 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысы Іле ауданының орталығында Өтеген батыр ауылында «Прогресс» политехникалық колледжінің түлектеріне сертификаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Түлектер ерекше жандар – бұл еңбек нарығында сұранысы бар мамандықтар бойынша білім алған мүмкіндіктері шектеулі жандар, ал кейбір мамандықтарды – мысалы, бейне-оператор, саңырауқұлақ өсіруші сынды мамандықтарды өздері ұсынған-ды.

Мүмкіндігі шектеулі түлектер табысқа жете ала ма?

Бүгін Алматы облысы Іле ауданының орталығында Өтеген батыр ауылында «Прогресс» политехникалық колледжінің түлектеріне сертификаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Түлектер ерекше жандар – бұл еңбек нарығында сұранысы бар мамандықтар бойынша білім алған мүмкіндіктері шектеулі жандар, ал кейбір мамандықтарды – мысалы, бейне-оператор, саңырауқұлақ өсіруші сынды мамандықтарды өздері ұсынған-ды.

– Бізбен осы қиын жолды бірге өткерген тәлімгерлерімізге, оқытушыларымызға, күші мен уақытын аямай, әрдайым ақыл-кеңеспен жәрдемдеске жандарға алғыс айтқым келеді. Осы оқудың арқасында мен идеяларымды жүзеге асырып, өзімді лайықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа шығармашылық мамандықты игердім, – деді колледж түлегі, тігін бұйымдарын тігу ісінің шебері Елена Мигерова.

Алматы облысының Іле ауданында 4 500-ден астам мүгедек тұрады. Қазіргі таңда мүгедектер жұмыспен іс жүзінде қамтамасыз етілмеген, олардың жалғыз табысы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.

Ерекше қажеттіліктері бар студенттерді «Прогресс» политехникалық колледжінде оқыту тоғыз жыл бойы жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде 270-тен астам адам тігінші, шаштараз, саңырауқұлақ өсіруші, наубайшы, маникюр маманы, аяқ киім жөндеу маманы, массажист мамандықтары бойынша сертификат алған, ал 2016 жылдан бастап компьютерлік сауаттылық бойынша оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ, студенттер кәсіпкерлік негіздеріне үйренеді, өз бизнесін ашу немесе табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдыларды игереді, ал ең бастысы – әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне ие болады.

– Мен түлектерді көптен күткен оқиға –  сертификаттарды алу сәтімен шын жүректен құттықтай отырып, алдымен алғысымызды бізге көптеген жылдар бойы қаржылық қолдау көрсетіп келе жатқан «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына айтқым келеді. Мен, ФМҚ-мен бірлесе отырып, ауылдық жердегі ерекше адамдардың өмірлерін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаның іске асырылуын әрі қарай жалғастыра түсеміз деп үміттенемін, – дейді «Прогресс» колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.

Бүгінгі таңда 75 түлек жұмысқа орналастырылған, олар есту қабілеті нашарлағандарға арналған «Алматы» өндірістік бірлестігінде, киім мен арнайы киімді тігу бойынша компанияларда, оңтүстік елорданың сауда ойын-сауық орталықтарындағы киім мен аяқ киім жөндеу шеберханаларында еңбек етуде. Он шебер «Прогресс» колледжі жанындағы тігін шеберханасына қызметке орналастырылған. Көптеген бітірушілер үй жағдайында сату үшін аспа саңырауқұлақтарды өсіреді; жеке тапсырыстарды орындай отыра, үйде нан-тоқаш өнімдерін пісіреді, сондай-ақ, өздерінің өнімдерін Филип Моррис Қазақстан фабрикасында арнайы ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде сатады.

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы «Прогресс» политехникалық колледжімен ынтымақтастықты 2010 жылы ерекше күтімді қажет ететін адамдарды әлеуметтік бейімдеу бойынша бірлескен жобаны іске асыру арқылы бастаған. Жоба аясында ІІ және ІІІ мүгедектік топтардағы адамдар техникалық мамандықты тегін ала алады. Бұл ретте кәсіби даярлау еңбек нарығында сұранысы бар мамандықтар бойынша жүргізіледі.

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы осы жобаны іске асыруға 40 миллионнан астам теңге бөлген болатын. Қаражат қажетті материалдар мен құралдарды сатып алуға, оқу дәрісханаларының қосымша жиынтықтарына, оқытушылар жалақысына, оқулықтар мен студенттерді оқытуға арналған оқу құралдарына бағытталды. Жоба қоғамның дамуына елеулі үлесі үшін 2018 жылы Америка Сауда Палатасының жүлдесіне ие болды.

Ағымдағы жылдың екінші жартысында колледж жаңа топты оқуға қабылдайды. Білім беру мекемесі мен бизнес арасындағы әлеуметтік әріптестік мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тегін білім берудің, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылуларына жәрдемдесудің игілікті мақсаты үшін жалғасатын болады.


АЛМАТЫ