Президент • 24 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Арыстағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті

«Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл - төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Үкімет қанша қаражат керек екенін санайды, cодан кейін қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп отырмын, бәрі жақсы болады. Арнайы келіп отырмын», деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуі барысында.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына барған болатын.