«Е, Алматыда саған не бар? Бар жақсы, қасиетті дүние елде емес пе?! Сен Абай туған жерде отырсың, данышпан іздесең, жаныңда Абай жатқан жоқ па?

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов 1943 жылы туған топырағы – Шыңғыстауға, Абай ауданына келіп, ел-жұртымен қауышып, Алматыға оралғаннан кейін «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Egemen Qazaqstan») газетіне жариялаған «Ақын ауылында» атты очеркінде: «...Өр көңілдің өжетін, ез көңілдің керенауын, бойкүйезін айтам десе, онда да Абай таңба соғып, тап басып айтып кеткендей болады. Сондайлық Абай үлгісін өсиет етіп айтып отыратын ірі әңгімешілер бар. Олардың бірі – Жүрекадырдағы қарт колхозшы Оразалы. Ол кісіден көп сөз естіп, көп тоқыған – баласы Кәмен. Мұның өзі оқыған, өзі жазушы, Отан соғысынан жаралы болып қайтқан жас жігіт әкесі білген әңгіменің көбін зор ынтамен айтады» деп жазған еді.
Ұлы Мұхаң «Ол кісіден көп сөз естіп, көп тоқыған – баласы Кәмен» деп баға беріп отырған Кәмен Оразалин кейін қаламгердің туған жеріндегі сенімді серігі, талапты шәкіртіне айналып, «Абай жолы» эпопеясының кедергісіз жазылуына септесіп, елдегі көнекөз қариялардан көптеген құнды деректер жинауға жәрдемдескені белгілі. Ел дегеннен шығады, Кәмен Оразалин 1950 жылы тырнақ алды дүниесі – "Жексен" повесі жарыққа шығып, Алматыға барады. Сол сапарында тілеулес ағасы Мұхаңа: «Әкем Сізге ақылдас ағаңмен, егерде мүмкін болса Алматыда қаласың ба, қайтесің?» деп еді» дейді. «Е, Алматыда саған не бар? Бар жақсы, қасиетті дүние елде емес пе?! Сен Абай туған жерде отырсың, данышпан іздесең, жаныңда Абай жатқан жоқ па? Сен менің тілімді алсаң, елде бол, үлкендерді тыңда, көп нәрсені солар біледі. Сенің бойыңда азды-көпті талантың бар екенін көріп тұрмын. Сондықтан сен елде отырып жазатын бол. Сен менің осы тілегімді орындаймысың» деп үлкен салмақ салыпты жазушы. «Орындаймын, аға!» дедім. Осылайша мен Абай ауданында мәңгілікке қалып қойдым» деп еске алып отырады екен жарықтық Кәмен аға.
Жазушы, ұстаз, Абай елінің абыз ақсақалы болған Кәмен Оразалин жайында бекерге сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Келесі, яғни 2020 жылы дара тұлғаның дүниеге келгеніне 100 жыл толады. Жақында Абай ауданына жолымыз түсіп, қаламгердің ұлы Елдар Оразалымен жолыққанымызда әкесінің алдағы мерейтойын атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын айтты. «2010 жылы әкейдің 90 жылдығы өзінің туған елінде өткен кезде тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Енді 100 жылдығы қарсаңында 1950 жылы салынған осы үй музейге айналса, Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің құрамына алынса деген тілегіміз бар. Бұл шаңырақта кезінде Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Әбілхан Қастеев секілді қазақтың жүздеген марғасқалары қонақ болып, дастарханынан дәм татқан. Үйімізде әрісі Абай дәм татқан, берісі Шәкәрім Құдайбердиев отырған, шамамен бір жарым, екі ғасырдай уақыт болған дөңгелек үстел де сақтаулы тұр. Қажы біздің атамыз Оразалыға қонаққа келгенде осы дөңгелек үстелде отырып ол кезде 5-6 жастағы ойын баласы әкем Кәменге өз қолымен қант кесегін ұсынған екен. Тағы бір құнды жәдігер – 300 жылдай сақталған сүйек төсек. Өскемен мен Семейдің музейлері, тіпті Алматыдағы ұлттық музей де талай мәрте сұрау салды. Бермей, сары майдай сақтап отырмыз. Бұдан бөлек әкейдің 1935 жылдан бергі жинаған әлем, орыс әдебиеті классиктерінің кітаптары, Мұхтар Әуезовтің әкеме жазған хаттары, ұлы жазушыны Алматыда соңғы сапарға шығарып салғандағы кезекші шәкірті ретіндегі суреттері сақтаулы. Егер үй музейге айналса, осы дүниелерді қойсақ дейміз. Үйдің жанына әкеміздің ескерткішін орнатсақ деген ойымыз да жоқ емес. Мамандығым суретші болған соң болашақ ескерткіштің үлгі-сұлбасын жасап та қойдым» деп өз ұсыныстарын айтқан Елдар Оразалы «Кәмен оқулары» бес жыл аудандық, үш жыл аймақтық, кейінгі екі жыл облыстық деңгейде өткенін, бұл шара тұлғаның 100 жылдығында республикалық дәрежеде ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді.
Иә, Елдар Кәменұлы айтып өткендей Мұхтар Әуезов Кәмен Оразалинге бірнеше мәрте хат жазған. Тіпті, дүниеден өтер алдындағы ең соңғы аманат хатын өзінің шәкіртіне жазып қалдырған. Мәскеуде ауруханада жатып, өмірден озарынан қырық сағат бұрын: «Қымбатты Кәмен! Мынау Мұрат Әуезов менің туған балам. Москва университетінде оқушы еді. Қазір жазға Семейге, одан ары Абай ауданына әкесі туған елді, жерді көруге бара жатыр. Өзіне саған, Балташқа бар дедім. Осыны ауданды аралатып, елді, жерді көрсетіп, таныстыруға өзің бар, Балташ бар көмек етулеріңді сұраймын. Өзін сен өз үйіңе түсірсең деймін. Мен ауырып Москвада больницада жатырмын. Жәйімді Мұрат айтар. Үйіңе көп-көп сәлем. Балташтыкіне жайды ұғындырып, өзің алып барарсың. Елдегі бар ағайынға мың сәлем. М.Әуезов. (25 маусым 1961 жыл)» деп жазған екен жарықтық.
Мұхтар Әуезовтің аманатына қиянат жасамаған адал шәкірті Кәмен Оразалин тұрған қара шаңырақтың музейге айналып, мемлекет қамқорлығына алынуын абайлық зиялы қауым өкілдері де қолдап отыр. «Ұлылардың сарқыты ғой бұл кісі. Мұхтар Әуезовтің өмір белестері мен шығармашылық сапарын дәл Кәмен ұстазымыздай жеріне жеткізе жазған ешкім жоқ. Қарапайым ауылда, Шыңғыстаудың бөктерінде жатып «Абайдан соң» атты үлкен дүние тудыру екінің бірінің қолынан келмейтіні анық. Бұдан бөлек Роллан Сейсенбаев, Рысхан Мусин, Сұлтан Оразалин, Мерғали Ибраев, Жәнібек Кәрменов, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Бекен Исабаев, Молдабек Жанболатов, Мейрамбек Жанболатов, Бейбіт Сапаралы, Мұратбек Оспанов, Айгүл Кемелбаева, Совет Махметов секілді есімдері елге танымал азаматтарды тәрбиеледі. Сондықтан ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Кәмен Оразалин тұрған шаңырақ музейге айналып, Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қарамағына алынса дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі болар еді» дейді Кәмен Оразалиннің шәкірті, ақын Төлеген Жанғалиев.
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Ұқсас жаңалықтар