Экономика • 27 Маусым, 2019

Салық жүйесі жетілдіріледі

791 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың мамырына дейінгі атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді.

Салық жүйесі жетілдіріледі


Ә.Смайыловтың айтуынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр ара­лығында мемлекеттік бюджеттің кірісі – 105,4%, республикалық бюд­­жет – 102,7%, жергілікті бюджет – 113,4%-ға орындалды. Өт­кен жылдың алғашқы бес айымен са­лыстырғанда мемлекеттік бюд­жет – 510 млрд теңгеге, рес­пуб­ли­ка­лық бюджет – 450 млрд теңгеге, жергі­лік­ті бюджеті 60 млрд теңгеге өсті.

– 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордағы қа­ражат 26,1 трлн теңгеге жетті. Со­ның ішінде былтыр 5,8 трлн тең­ге түсті. 3,2 трлн теңге мұ­най секторындағы компания­лар төлеген тікелей салық бол­­са, қалған 2,5 трлн теңге инвес­ти­ция­лық табыстан түсіп отыр. Тағы 21,6 млрд теңге өзге де кіріс көздерінен келді, – деген министр 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің тиісінше 99,8% және 99,7%-ға орындалғанын, бюджеттің шамамен 50%-ы әлеуметтік салаға тиесілі болғанын айтты.

Кәсіпкерлер қатары көбейді. Былтыр салық төлейтін заңды тұлғалар саны 367,2 мыңнан 409,1 мыңға ұлғайыпты. Ал же­ке кәсіпкерлер саны 1140,4 мың­­нан 1183,4 мыңға жеткен. Ш­а­ғын және орта бизнес субъек­тілері төлеген салық алдыңғы жыл­дағыдан 25%-ға көбейіп, 3 трлн 384 млрд теңгеге жетті. Ши­кізаттық емес сектордан түскен салықтық түсімдер 16%-ға артып, 5 трлн 820 млрд теңге болды. Министрдің айтуынша, жұ­мыс­керлеріне жалақы мен жеке табыс салығын төлеп отыр­ған заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер саны 12 мыңға көбейген.

– Салық түсімдерінің ІЖӨ-дегі үлесі 18,6% болды. Бұл алдың­ғы жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық. 2025 жыл­ға дейінгі мақсатымыз – са­лық­­тың ІЖӨ-дегі үлесін 25%-ға дейін өсіру. Біз бұл көр­сеткішке көлеңкелі экономи­каны қысқарту арқылы қол жет­кіземіз, – деді министр.

Цифрландырудың пайдасы қазірден байқалып жатқа­нын айта кетейік. Цифрлы техно­логиялардың нәтижесінде са­лық­ты тексеру 9% азайып, бюджеттің кіріс бөлігіндегі үлесі шамамен 20%-ға ұлғайды.

Банкрот болуға рұқ­­­­сат берілді. Салық жүйе­сін же­­тіл­­ді­рудің бас­ты бағыт­тары­­ның бірі – тауар­ларды бақы­лау­дың ұлттық жүйесін құру. Ондағы мақсат – кон­тр­афак­тіні азайту мен көлең­келі биз­нес­тің алдын алу. Сол үшін «элект­­ронды шот-фактура» енгі­зілді. Қазіргі таңда оған 330 мың қол­данушы тіркелді. 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «виртуалды қой­ма» модулі енгізілді. «Вир­туал­ды қойма» авто­матты түрде тауардың қоз­ғалыс барысын бақылауға мүм­к­ін­дік береді, – деді министр.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес­ке салықтық амнистия жасалып жатыр. Соның нәтижесінде 90 мыңға тарта салық төлеуші амнистияға ілікті.

Негізгі заңнамалық мәсе­ле­лердің бірі реабилитация және банкроттық туралы заңдарға өзгерістер енгізу. – Осы­ған қатысты тиісті заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілі­сіне енгізілді. Сондай-ақ жеке тұл­ға­ларға салық амнистиясын жүргі­зуге қатысты заң жобасы Парла­мент Сенатында қаралуда, – деді Қаржы министрі.

Импорттың үштен бірі – Қытайдан. 2018 жылы кедендік баждар мен салықтардың түсімі 2017 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсіп, 2 трлн теңгеден асты. Бұл ағымдағы жылдың 5 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артқан. Үшінші елдерден келген импорттан түскен қосымша құн салығы алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр 12,4%-ға ұлғайып, 579 млрд теңгеге жетті. Оған себеп, үшінші елдерден келетін импорт кө­лемінің 2,3 млрд долларға ұл­ғайып, 19,3 млрд долларға жетуі. Осы импорттың шамамен 30%-ы – Қытайдан келетін тауарлар.

Бүгінгі таңда министрлік тарапынан мемлекеттік қызметтің 51 түрі көрсетіледі. Оның 38-і немесе 75%-ы электрондық үкімет пен министрліктің ақпараттық жү­йелері арқылы жүзеге асырылады. Былтыр министрлік көр­сеткен 22,2 млн қызметтің 94%-ы электрондық түрде болған.
Үкімет жұмысы ашықты­ғы­ның бір белгісі – Ашық бюджет тұ­жы­рым­дамасының іске асырылуы. Осы мақсатта жылына бір не­­ме­се екі рет үш бағыт бойынша арнайы халықаралық бағалау жүр­­гізіледі. Олар: бюджет ашық­ты­­ғы, халықтың қатысуы және бюд­­жеттік бақылау. Алдыңғы жы­­лы Қазақ­стан халықаралық ұйым­­дар­дың зерттеу нәтижесінде 100 бал­дан 53 балл алды. Әлем бо­­йын­­ша орташа көрсеткіш –

42 балл.

– Ашық бюджетті қалып­тас­ты­рудың мақсаты – азамат­тардың бюджет процестерімен танысуы­на және бюджет қаражатын жұмсау барысын талқылауға қаты­суын қамтамасыз ету. Қазір­гі таңда бұл мәселені халық тал­қылап жатыр. Менің блогыма бюджет ақшасын жұмсау туралы көптеген ұсыныс түсіп жатыр, – деді министр. 


Бауыржан МҰҚАН,
«Egemen Qazaqstan»