28 Наурыз, 2013

Жауапкершілік – заң жетістігі

535 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жауапкершілік – заң жетістігі

Бейсенбі, 28 наурыз 2013 1:33

Кеше елордада «Қазақстан Республикасының медиа заңнамасын реформалаудың келешегі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оның жұмысына еліміздегі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен заңгерлер, сарапшылар, журналистер қатысты. Онда, жоғарыда айтылған, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардан келген мамандар, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғамның өкілдері медиа заңнаманы жұмсартудың мүмкіндіктерін талқылап, Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына арналған өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бейсенбі, 28 наурыз 2013 1:33

Кеше елордада «Қазақстан Республикасының медиа заңнамасын реформалаудың келешегі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оның жұмысына еліміздегі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен заңгерлер, сарапшылар, журналистер қатысты. Онда, жоғарыда айтылған, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардан келген мамандар, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғамның өкілдері медиа заңнаманы жұмсартудың мүмкіндіктерін талқылап, Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына арналған өз ұсыныстарын ортаға салды. Сөйтіп, жиналғандар Азаматтық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға өзгерістер қажеттігін жеткізді.

Мұнда, алдымен, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қылмыстық кодексі жоба­­­сының жаңа рекдакциясында сөз еркіндігін теріс пайдаланғаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Осыған байланысты жала жапқаны үшін қылмыстық қудалауды тоқтату қажеттігі де сөз болды. Бұл айтылған пікірлер мазмұны Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу жала жапқаны үшін қылмыстық қудалауды азаматтық-әкімшілік жауап­кершілікке ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Өйткені, «Жала жапқаны және тіл тигізгені үшін қылмыстық қудалау тек журналистер үшін ғана емес, сонымен қатар, жазушылар мен ақындар, режиссерлер мен драматургтер секілді барлық шығармашылық өкілдері үшін репрессивті шара болып табылады»,  деп есептейді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы А.Артемьев.

Ол жоғарыда айтылған жағдай отандық журналистиканың дамуына үлкен соққы болатындығын, себебі, сот кикілжіңінің шығындық қауіптерін біле тұра әрі шенеуніктердің озбырлығынан өздерін қорғалмағандығын білетін журналистер ел үшін, қоғам үшін маңызды жәйттерді ашудан, сынаудан саналы түрде бас тартады, дейді. Оның үстіне «Әділ сөз» қоғамдық қоры жүргізген мониторингке сәйкес, өткен жылы азаматтық істер бойынша моральдық зиян үшін өтемақыны төлеуді талап еткен талап арыздардың жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құраған. «Ал енді Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында жала жапқаны үшін айыппұл он есеге өсті. Сонда бес миллион теңгеден асатын соманы бірден төлеу журналистер үшін ауыр болып табылады», – дейді «Әділ сөз» ҚҚ-ның президенті Т. Калеева.

Өйткені, Қылмыстық кодексте лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың аса жоғары шараларын көздеген бес бірдей бап бар, дейді жиналғандар. Жала жабу баптары бойынша жазалау түрлерінің ішінде үш жылға дейін бас бостандығынан айыру тағы бар. БАҚ пен журналистерге қарсы берілген мүліктік емес құқықтарды қорғау туралы талап арыздарды қабылдаудың мерзімі шектелмеген, моральдық зиянның сомасы көрсетілмеген. Мұның бәрін тіркей келгенде, Әкімшілік заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің саласына қарасты әкімшілік құқық бұзушылықтың қырықтан астам өзіндік құрамы бар көрінеді.

Осылайша дөңгелек үстел басында өріс алған аталған мәселелер бойынша және Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясындағы азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын төмендеткені үшін жауапкершілік туралы аталған Кодекстің жаңа жобасын дайындау жөніндегі қызметтік топтың сарапшылары да ойларымен бөлісті. Одан әрі медиа заңнамасын мемлекет пен қоғам мүддесі үшін реформалаудың жолдары, Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясында – халықаралық стандарттар, жеке өмірге қол сұқпау, Интернетте сөз бостандығын теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық қудалау, ар-намыс, қадыр-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың халықаралық қалыптары, моральдық залал мен оны еліміздің Азаматтық кодексі арқылы өндіру, БАҚ пен журналистерден моральдық залалдарды талап етудің сот тәжірибесі, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телехабарларды тарату туралы» заңдардағы медиабизнесті дамытудың кедергілері жөнінде және т.б мәселелер туралы сөз болды.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».