Басылымның мәліметіне қарағанда, ғалымдар бұл аумаққа құрғақшылық болғандықтан ғана кіре алған. Мамандар қазба жұмыстары кезінде сыланған қабырғаларды, ашық қызыл және көк түспен боялған қабырғаларды, сондай-ақ, түрлі жазбалар қалдырылған саздан жасалған 10 тақтайша тапқан. Археолог Хасан Ахмед Касимның айтуынша, бұл сарай – осы аумақтағы соңғы оң жылдағы маңызды ғылыми жаңалықтардың бірі.
Қазіргі таңда ғалымдар Митанни
империясының саясатына, экономикасына және тарихына қатысты тың деректерді
іздестіріп жатыр.
Еске сала кетейік, Митанни империясы Солтүстік Месопотамия
мен Сирияның басым бөлігінде үстемдік еткен.