Қалада апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға гуманитарлық көмектен тыс, психологиялық көмек көрсетілуде. Алғашқы күннен бастап 180 ерікті практик-психологтар мен педагог-психологтар Арыста жүр.

24 мыңнан аса адам эвакуацияланған орталықтарда сәбилердің жан дүниесіндегі соққыны емдеген гештальт-терапевт психологтар қазір сол жерде емдік шараларды жалғастыруда. Бүгінгі таңда тұрғындардың бастан кешкен эмоцияларын зерттеу, болған оқиғаны түсіндіру психологтардың негізгі терапиясы болып отыр.
Сондай-ақ еріктілер халық арасында «бактериологиялық қару-жарақтан, радиациядан және апаттан көптеген адам қайтыс болды» деген ақпараттың жалған екенін түсіндіріп жүр. Әлеуметтік желілерде жұртты дүрліктірген «Арыстықтар далада босып жүр. Оларға азық-түлік жетпей жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Себебі апаттан зардап шеккен арыстықтарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен көмек келуде. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы бүкіл республика бойынша ұйымдастырылды.
Жергілікті билік өкілдері сол көмекті рет-ретімен қала тұрғындарына үлестіруде. Ал баспанасыз қалған тұрғындарды уақытша қоныстарға орналастыру бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылған. Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар уақытша қоныстанатын 800 орын дайындалды. Мұнда жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналасуда. Бұл орталықта қоныстанушылар 3 мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылды. Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал жарылыстан зақым келген үйлер толық жөнделген соң тұрғындар өз шаңырақтарына оралмақ.
Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек күн санап ұлғаюда. Бүгінгі күнге дейін қоймаға 270 тонна қажетті азық-түлік өнімдері, киім-кешек, гигиеналық заттар жиналса, соның 198 тоннасы тұрғындарға берілді. Гуманитарлық көмектің 70 тоннасы кеше таратылды. Қосымша Арысқа қарай 10 жүк көлігі келе жатқанын айта кетейік.
Күні кеше Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан Арысқа жіберілген 150 тонна заттың 80 тоннадан астамы тұрғындарға таратылды. Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге де аймақтардан азық-түлік тиелген жүк көліктері Арысты бетке алды.
Арыстағы төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына түскен қаржы көлемі 1 млрд теңгеден асты. Қор әлі де шотта жинақталып, арнайы комиссия арқылы тұрғындарға берілетін болады.
Қаладағы барлық үйге суық су келді. Алайда кеше орталық желіде шыққан ақаудан 1500-дей абонент уақытша сусыз қалған еді. Жөндеу жұмыстары барысында су жеткізу желісін үзген снаряд табылды. Ақауды жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғындарға су тұрақты беріле бастады.
30 маусым күні Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетсе, 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді. Олардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап беретін болады.
Арыстық балаларды демалысқа жіберудегі басты мақсат – төтенше жағдай факторлары салдарынан мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету. Осы орайда жиыны 340 оқушыны ата-аналары Шымкент қаласындағы темір жол вокзалынан шығарып салып, сәт-сапар тіледі.
Айта кетейік, Арыс қаласындағы 40 мектепте 19 916 бала білім алады, мектепке дейінгі ұйымдарда 5071 бала тәрбиеленіп жатыр. Жалпы, бүгінгі күнге дейін арыстық 570 бала жазғы саяхатқа жіберілді.
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар