Спорт • 02 Шілде, 2019

Кабананганың орнына Мубеле келді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі қарсаңында құрамын Конго ДР құрамасының және Францияның «Тулуза» командасының шабуылшысы Фирмин Мубелемен күшейтті. «Астана» Конголық шабуылшыны бір жылға жалға алды.

Кабананганың орнына Мубеле келді

Конголық шабуылшы карьерасын өз отанында бастап, артынша Катардың «Әл-Ахли», одан соң елорда жанкүйерлеріне жақсы таныс Францияның «Ренн» клубында доп тепкен. «Астана» клубына дейін Мубеле «Тулуза» командасында ойнаған.  

25 жастағы Мубеле Францияның ең жоғары чемпионатында 60 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Сондай-ақ ол Конго ДР құрамасы сапында өткізген 45 ойында 9 рет мергендігімен көзге түскен. 

Фирмин Мубеле «Астана» сапындағы екінші Конголық футболшы атанды. Бұған дейін елорда командасында жалда ойнаған Жуниор Кабананга жуырда ғана Сауд Арабиясысының «Әл-Наср» клубына қайта оралды.

Жуниор «Астана» сапында 128 ойын өткізіп, 42 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. Конголық шабуылшы осы нәтижесі арқылы клуб тарихындағы үздік сұрмергендерің үштігіне енді.

Айта кетейік, «Астана» клубы 9 шілдеде «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының алағашқы іріктеу кезеңі аясында Румынияның ЧФР командасын қабылдайды.