www.architectural-review.com
Құрылыс компаниясы ескі жапон үйін қалпына келтірген. Сәулетшілер оған заманауи реңк беріп, ашық кеңістік қалдырған. Сондай-ақ тұрғын үйдегі тарихи шатыр сақталып, оның астына ағаш бағандардан жасалған берік құрылым орнатылған.
Қазылар алқасының құрамына әлемнің жетекші сәулетшілері жапондық Такэси Хаяцу, норвегиялық Беате Хёльмебакк, британдық Стивен Тейлор және басқалар қатысты.
Жылдың үздік үйі атағына әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жоба қатысқан.
Қазылар алқасының мүшесі Стивен Тейлор «Камитомиядағы үй - өте әдемі конструкция, оның жаңа элементтері интеллектуалды және поэтикалық тұрғыдан ескілермен үйлеседі» деп түсініктеме берді.