Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында құқық органдарының қызметкерлері арасында Qazaq kúresi бойынша Ішкі істер министрлігінің чемпионаты аяқталды.

Солтүстік Қазақстанда  Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс, құқық қорғау органдарының басшылары, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің өкілдері, Qazaq kúresi федерациясының президенті Арман Шораев, полиция ардагерлері қатысты.

«Динамо» ДШСҚ орталық кеңесі төрағасының бірінші басшысы Асқар Омарқұлов жарыстың негізгі мақсаты ІІМ қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлықтарын арттыруды, күрес тәсілдерін жетілдіруді, үздіктерді анықтауды және салауатты өмір салтын насихаттауды діттейтінін атап өтті.       

«Қазақ күресінің практикалық мәні ерекше. Себебі қазақ күресін жетік меңгерген құқық қорғау органдарының кез-келген қызметкері қылмыскерге тосқауыл қоя алады»,  деді Арман Шораев.

Погон таққан үздік палуан атағы үшін күрес өте тартысты өтті. 82 кило салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы полиция департаментінен келген Әмір Хабибуллаев үздік атанды. 90 кило салмақта – Ақмола облысынан Әсет Жүнісов, 100 кг дейін – Алматы облысынан Александр Косачев жеңімпаз болды. Ауыр салмақтағылар арасынан  Қарағанды облысы полиция департаментінен келген Самат Амантаев ең үздік деп танылды.

Командалық есепе екінші және үшінші орынды қарағандылықтар мен жамбылдықтар иеленді. Бірінші орын  Көліктегі полиция департаментінің командасына бұйырды.  

Солтүстік Қазақстан облысы