Атмосфералық ауа, топырақ және су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізу үшін, «Қазгидромет» Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша екі аймақтық филиалдарының жылжымалы мобильдік лабораториялары іске қосылып, тез арада төтенше жағдайлар болған жерге аттанып, ол жақта 8 тәулік болды. Оқиғадан кейін бірінші тәуліктерде лаборатория қызметкерлері Арыс қаласында ТЖМ қызметі және Әкімшілікпен бірлесіп жұмыс жасады, ал кейін оларға белсенді азаматтар мен блогерлар қосылды. Сондай-ақ, Арыс қаласының көпшілік тұрғындары лаборатория жұмысын бақылап, мамандар кеңесін және атмосфералық ауа, топырақ және су жағдайлары бойынша кеңейтілген ақпарат алды.
27 маусым мен 4 шілде аралығында атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон, Арыс өзені суының күн сайынғы сынамаларында нормадан асу болған жоқ. Жоғары (экстремалды жоғары) ластану тіркелмеді.
Нормадан асу болмағандықтан, «Қазгидромет» 2019 жылғы 5 шілдеден бастап, шілде айының соңына дейін Арыс қаласының жоспардан тыс мониторингін апта сайынғы негізде жүргізуге көшеді.